Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда автокран жүргізушісі өз көлігіне жаншылып өлді

Павлодар қаласында автокран көше қиылысында тоқтап қалған. Осы кезде оны жөндемек болған автокран жүргізушісі өз көлігінің астында қалып мерт болды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Павлодарда автокран жүргізушісі өз көлігіне жаншылып өлді

Қайғылы оқиға Павлодар қаласындағы орталық көшелердің бірінде орын алды.

Автокранды тізгіндеген жүргізушінің көлігі көше қиылысында кенеттен тоқтап қалған. Осы кезде жүргізуші көліктен шығып, оны өзі жөндемек болыпты. Алайда ер адам көлікті жөндеп жатқанда, ол жүріп кеткен. Салдарынан 54 жастағы жүргізуші автокранның астында қалып, оқиға орнында мерт болды.

Әзірге аталған жағдайға не себеп болғаны белгісіз. Оқиғаның себебін анықтау үшін, арнайы сараптама тағайындалған.

Айта кетсек, бұған дейін Алматыда жас жүргізуші өз көлігінің астына түсіп мерт болған еді.

Талқылау