Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 58 Өзбекстан азаматы бар автобус бұзылып аязда қалды

Павлодар облысында 58 жолаушысы бар автобус бұзылып, жолда қалды. Жолаушылардың бәрі Краснояр өлкесінен Ресейге жұмысқа кетіп бара жатқандар. Жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетіп, көлікті жөндеуге жіберді.

Билік өкілдері жұмысшыларға жолға шықпауға кеңес берген. Алайда құлақ аспаған жұмысшылар ертерек жұмысты бастай беруге бекінген, деп хабарлайды 31 арна. 

«Бәрібір тоңып қалдық. Бар киімімізді жамылып алдық», – дейді жолаушылар.

«Бізде автобусқа ертерек тапсырыс береді. Сол үшін ерте шығып кеттік. Жолда көлік бұзылғанда қатты қорықтық. Бірден құтқарушыларды шақырттық», – дейді жолаушы Әлішер Маликов.

Автобустың бұзылуына компрессордың істен шығуы себеп.

«Біз ақша алмаймыз. Оларға көмектесеміз, бірақ құралдарды өздері сатып алады. Ал, жөндеу жұмыстарына көмектесеміз», – дейді автопарк басшысы Вадим Ковальчук.

Қанышқа орай автобус пунктіге жақын маңда бұзылған. Олай болмаған жағдайда Ақтөбедегі жағдайдың қайталанбауына кім кепіл.

Тағы да оқыңыз:

Жантүршігерлік өлім: Студент көрші қызды өлтіріп зорлап, соңынан өзіне қол салды

«Аллаһу акбар» деп шоқынған христиан елді таңғалдырды (видео)

Алматыда артындағы көліктің өртенгенін көрмей көше сыпырған тазалықшы жұртты күлдірді (видео)

Талқылау