Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда 15 жастағы жасөспірім сауда орталығынан киім-кешектерді ұрлаған

Павлодардағы ірі ойын-сауық және сауда орталығының витринасынан 15 жастағы жеткіншек үш шалбар мен екі жемпір, төрт антиұрлық құрылғысын қолды еткен.

2074495875

Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Қылмыскер ізін суытып үлгермей қолға түсті. 15 жастағы оқушыдан ұрланған киім-кешектер тәркіленді. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, бақылауға алынумен босатылды», – деп жазылған хабарламада.

Жас баланың анасы – 40 жаста. Мамандардың пікірінше, анасының  бала тәрбиесіне мән бермеуі ұрлыққа себеп болған. Жасөспірімнің анасына қатысты ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Талқылау