Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Палестиналық оқытушы миллион доллар сыйақы алды

Палестиналық оқытушы жыл сайын берілетін Global Teacher Prize шарасының аясында миллион доллар сыйақы алды.

1411149655_595686059

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Ханан Әл-Хруб Вифлеемдегі босқындар лагерінде өскен.

“Қаталдық, қатыгездік біздің алға озуымызға мүмкіндік берер емес. Біз балаларымыз өзге балалар секілді бейбітшілікте өмір сүрсе дейміз”, – деді сыйлықты алу кезінде Ханан Әл-Хруб. Оған сыйақыны БАӘ премьер-министрі Мұхаммед бен Рашид Әл Мақтұм табыс етті. Сондай-ақ, Әл-Хруб Рим папасынан да бейне құттықтау қабылдаған көрінеді.

Global Teacher Prize — өз аумағында білім саласына ерекше еңбек сіңірген мұғалімге беріледі. Сыйлық алғаш рет 2015 жылы табыс етілген.

Талқылау