Өзгенің кесірінен жыннан жапа шеккен қыздың оқиғасы

Сәрсенбі, 26 Қазан , 2016 14:11

Асылзат есімді бойжеткен Алматыдағы ЖОО-ның біріне грантқа оқуға түсіп арманына қол жеткендей болады. Алайда, қуанышы көпке ұзамай ол студент болып жүріп небір сұмдықты бастан кешкен.

72245021
Асылзат Алматыға гранттық негізде оқуға түскен кезде төбесі көкке екі еліге жетпей қуанған еді. Жаз аяқталып, жаңа оқу жылы басталған сәтте ата-анасы бар жиған-тергенін сөмкеге салып, қыздарын Алматыға жіберді, деп жазады Халық газеті.

Асылзаттың көптен күткен арманы орындалды. Өзі мәз. Орта мектепті бітіріп, өмірдің өзге баспалдағына қадам басу кімді де болса қуантатыны рас. Анасы Күлжан Алматыдағы інісіне «қызымды күтіп алып, жатақханасына орналасуға көмектесіп жібер» деген. Асылзат Алматыға жеткен соң ағасы күтіп алып, бір-екі күннің ішінде жатақханасына орналастырды.

Күндер сырғып, уақыт өте берді. Асылзаттың студенттік өмірі әне-міне дегенше басталып кетті. Жаңа орта, жаңа таныс ауылдан келген қара қызға тым қызық болып көрінді. Бір бөлмеде тұратын қыздармен «ә» дегеннен-ақ етене араласып кетті. Қасында Жансұлу, Сағыныш есімді қыздар бар. Сағыныш – Асылзатпен бір курста оқиды, жан құрбысы, сырласы. Бірде бөлмеде бірге тұратын Жансұлу қаладағы туыстарының үйіне қонаққа кеткен еді. Асылзат пен Сағыныш бөлмеде қалды. Кешқұрым сабақтан келген соң екеуі түнгі қалада серуендемек болып, сыртқа шығып кетті.

Жатақхана жабылғанша далада таза ауа жұтып, сәлден соң бөлмеге келді. Есіктен кіріп қалғанда өз көздеріне өздері сенбей орындарында тұрып қалды. Осыдан 1-2 сағат бұрын ғана тап-тұйнақтай болып тұрған бөлменің іші астан-кестені шығып жатыр. Шкаф ішіндегі киімдері де шашылған. Құдды біреу келіп, әдейілеп жерге лақтырғандай. Тамақтанатын үстел үстіндегі ыдыс-аяқтары бірі төңкеріліп, бірінің ішіндегі ас жерге жартылай төгілген. Жабылған терезе ашылып, перде сырттан кірген желмен желбіреп тұр екен. Қыздардың бұл бөлмеде тұрғандарына небәрі бір жарым ай болған. Бірақ осы уақыт ішінде мұндай жағдай болып көрмеген.

Бөлме ішіндегі көрініс екі қыздың көз алдарына құдды корқынышты киноларды елестетті. Екеуі жүгіре бөлмеден шығып, күзетшіге барып болған жайтты айтады. Өзге бөлмедегі қыздар ешкімді көрмегенін, бөлмеде ешқандай тарсыл-гүрсілдің естілмегенін айтады. Оқиға жайлы ешкім ләм-мим демеген соң Сағыныш пен Асылзат бөлмені қайта жинастырып, ұйқыға жатады.

Түнгі сағат 2 мен 3-тің шамасы болу керек. Сағыныш айқайлаған ащы дауыс пен қиналып шыққан дауысты естіп, оянып кетеді. Бөлменің іші ала көлеңке болған соң, көзі қараңғылыққа үйрене алмай біраз қарама-қарсы кереуетте жатқан Асылзат жаққа қарады. Сөйтсе, Асылзаттың кеуде тұсында басы адамға, кеуде тұсынан төмен қарай адам тұлғасына келіңкіремейтін бір түсініксіз бірдеңе оны қос қолымен тұншықтырып, түсініксіз ащы даусымен бірнәрселерді айтып жатыр екен. Бөлменің іші тура әлгіндегідей шашылып қалған. Сағыныш дереу орнынан тұрып, әлгіге қарай ұмтыла беріп еді, ол дереу қимылдап ашық тұрған терезеден зып беріп шығып кетті. Асылзаттың демі жетпей, қатты қиналып қалған екен.

Мойын тұсы қызарып, аузын ашып жатты. Сағыныш дереу жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер Асылзатты ауруханаға алып кетті. Уақыт өте келе Асылзат ауруханадан шығарылды, бірақ толық айыққан жоқ. Дәрігерлер оған қатты шошынып қалған, сол себепті нерв жүйелерінде белгілі бір циклде ауытқушылықтар болып тұратындығын айтады. Кеше ғана қасында сап-сау күліп-ойнап жүрген қыз бір күннің ішінде белгісіз «жынның» кесірінен ауру болып қалды.

Сағыныш бұл оқиғаның анық-қанығына көз жеткізу үшін ел-жұрттан осы жайлы дерек сұрап, ақыры көз жеткізді. Бір жағынан құрбысының кінәсіз жапа шегіп қалғаны жанына батты. «Бақсақ, бақа екен» деген. Олар тұратын бөлмеде, Асылзат ұйықтайтын орында осыдан бірер жыл бұрын бір бойжеткен тұрған екен. Ол өзінен біршама жасқа үлкен, отбасылы еркекпен көңіл қосып жүреді. Уақыт өте келе әлгі еркекке ол қыз өлердей ғашық болып қалады да, оны өзіне қаратып алудың айласына көшкен. Дәл сол уақытта әлгі еркектің әйелі екіқабат болып, перзентханада жатады. Қыз еркекке «әйеліңді тастап, маған келмесең, өкініп қаласың» деп «тұзақ» құрады. Оған мән бермеген еркек ләм-мим деместен жүре береді. Қыз айласына көшіп, босанған әйелінің нәрестесін ұрлап әкетіп, пышақтап өлтіреді.

Кейін ол қыз түрмеге жабылады. Ал әлгі еркектің әйелі артынша күйеуінің өзгемен әуейі болып, арты осындай жағдайға жеткеніне шыдамай, күйіктен өз-өзіне қол салады. Сөйтсе, әлгі әйелдің аруағы сол орынға келіп, баласын өлтіргені үшін қызды қинайды екен.

Осыдан кейін жатақханадағы ол бөлме жабық бөлмеге айналады. Сағыныш өзге бөлмеге ауысып кетеді. Ал өзге біреу үшін жапа шеккен Асылзаттың асқақ арманы тас-талқан болды да қалды. Университет оны денсаулығына байланысты оқудан шығарып жібереді. Әлі күнге дейін сол бір тылсым жайттың неге тек Асылзатқа көрінгені түсініксіз күйде қалып қойды.

Жіберіп алмаңыз:

Сауд Арабиясында ер адам үйленгеннен кейін екі сағаттан соң ажырасуға өтініш білдірген

Шымкент тұрғыны қыз туа бергені үшін келіншегін аяусыз соққыға жығып үйінен қуып жіберді

Жамбыл облысында 27 жастағы жігіт бүлдіршін кейпінде қалып өспей қалған (фото)

Әлемдегі ең жомарт жандар қай елде тұрады

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
11.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар