Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстандық әнші иығын жалаңаштап суретке түскені үшін айыпталды

Өзбекстандық әнші Әзиза Ниязметова “Өзбекнаво” эстрадалық бірлестігінің басшылары өзін адамгершілік тәртіпті бұзып, көрерменді қорлау сезімін тудырғаны үшін айыптағанын айтты.

ысыс

Сурет videofan.xyz

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Әншінің айтуынша, мұндай айыптауға себеп болған әлеуметтік желіге салған суреті екен. Суретте ол жеңі жоқ көйлек киіп, қолына гүл ұстап түскен.

“Мен барлығына осындай гүл алуды тіледім. Гүлді маған күйеуім сыйлаған. “Өзбекнаво” мені ашық киіндің деп әділетсіз сынап отыр”, – дейді әнші.

pic_abf158aac1e93aaf7cd51dc5b5b26b5d

Ол осы үшін арнайы кеңеске шақырылғанын және “Өзбекнаво” басшысы Фарход Джураевтан хат алғанын да айтты. Онда әншіге “ұлттық менталитетке дұрыстап көңіл бөліп, ұлттық құндылықтар мен идеологияға мойынсұну” керектігі жазылыпты.

Еске сала кетсек, 2 ақпанда шығармашылық бірлестік шенеуніктері әнші Тамиланы елде ән салу құқығынан айырған болатын. Оған әншінің әлеуметтік желіде ұятсыз бейнероликтерге түсуі себеп болған еді.

Өзбекстан үкіметі елдегі музыкалық бейнебаяндарды, әндерді, эстрадалық нөмірлерді тікелей өздері бақылауға алып, қадағалайды.

Талқылау