Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүгіремін деп мерт болған көкшетаулық оқушы жарысқа басқа баланың атынан барған

Жүгіремін деп мерт болған көкшетаулық оқушы жарысқа басқа баланың атынан барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Ақмола облыстық балалар сауықтыру орталығында 100 метрлік қашықтыққа жүгіріп өткеннен кейін естен танып құлаған оқушы мерт болды. Спорттық ойын кезінде ажал құшқан 15 жасар Диас Тайжановтың жүрегі тоқтап қалған. Артынша, жасөспірімнің жарысқа мүлдем басқа оқушының атымен тіркелгені белгілі болды.

Ұлының осы уақытқа дейін жүрегі ауырмағанын және аурдым деп шағымданбағанын жеткізді Сырым Батырханов.

"Жүрегі ауырмайтын. Сараптама қортындысында жазылғандай жүрегіне артық салмақ түсіп кеткен. 1 күн бұрын қалалық жарыста жүгіріп бірінші орын алған", - деп қайғырды Диас Тайжановтың әкесі Сырым Батырханов.

Диас Тайжановты 7-сынып оқитын орыс оқушының орнына алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Мұрат Есмағанбетов жарысқа қосқан. Диастың суретін жабыстырып, басқа адамның атын жазып жіберген көрінеді.  Жарысқа жауапты болған Мұрат Есмағанбетовтың өзі іс-шараға келмей қалған. Ал, мектеп директоры бұл істен бейхабар.

"Мен білген жоқпын. Бұйрықта Тайжанов болған жоқ. Ол шараға оның жасы да келмейді. Маған ескертпестен әскери дайындық мұғалімі ауыстырып жіберген. Өзі де бармай қалған. Мен бұның барлығын кейін білдім", - дейді Көкшетау қаласындағы №4 орта мектебінің директоры Бибігүл Хасейінова.

Баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот медициналық сараптама тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін оқушы көз жұмғаннан кейін мектеп мұғалімінің қызметінен босатылғанын хабарлаған едік.
 

Талқылау