Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда оқушы жарыс кезінде көз жұмды: Мектеп мұғалімі қызметінен босатылды

Көкшетауда 9-сынып оқушысы жарыс кезінде қайтыс болғаннан кейін, мұғалімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көкшетауда оқушы жарыс кезінде көз жұмды: Мектеп мұғалімі қызметінен босатылды

Сурет: Көрнекі сурет

Ведомство мәліметінше, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі «өзінің қызметін пайдаланып, мектеп директоры мен әкімшілігіне хабарламастан, жарысқа қатсатын оқушыны өзге оқушымен ауыстырған».

«Оқушы Т.Д. аталған жарыста Н.А. аты-жөнімен қатысқан. Оның есімі білім бөлімінің 2019 жылдың 13 мамырындағы №199 бұйрығының қосымшасында болмаған. Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша, мектеп әкімшілігінің тарапынан директорға қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына сөгіс жарияланды», - делінеді хабарламада. 

Сонымен қатар білім басқармасындағылар алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі педагогикалық әдеп ережелерін сақтамағаны үшін қызметінен босатылғанын мәлімдеді. 

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 

Еске сала кетсек, Көкшетауда 15 жастағы оқушы көз жұмды. Ол жарыс кезінде мертігіп қалған. Жасөспірімге облыстық емдеу-профилактикалық емхананынң дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Содан кейін ол аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқушы ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Талқылау