Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасын құрған Керімбекованың ұлы 4 бөлмелі пәтерге ие болды

Күні кеше ғана шаңырағына келін алып келіп, отбасын құрған Ақбота Керімбекованың ұлы баспаналы болды. Тойға келген қонақтардың бірі Біржан мен Әйгерімге Алматының қақ ортасынан 4 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Отбасын құрған Керімбекованың ұлы 4 бөлмелі пәтерге ие болды

Бұл туралы Hit-TV арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бірақ баспаналы болған Біржан бөлек шығуды ойламайды. Себебі анасы мен әжесін қалдырып кету ойында жоқ.

“Бөлек шығу ойымда жоқ. Мен әжемді, анамды тастап кетпеймін. Қайда барсам да менің жанымда болады», – дейді әншінің ұлы Біржан.

Айта кетейік, сайтымыздың тілшісіне берген сұхбатында Ақбота Керімбекова тойға бірінші күйеуі мен өз әкесін шақыруының себебін айтқан еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау