Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отанына қайтарып жібергім келеді: Қыдырәлі Болманов ашық-шашық киінетін жұлдыздар жайлы айтты

Әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов әріптестерінің кей әрекетіне қынжылатынын жеткізді. Ашық-шашық киінетін жұлдыздар және хиджаб кию мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik агенттігіне сілтеме жасаған Stan.kz.

“Қазір эстрада жұлдыздары ашық-шашық, жалаңаштанып киінбейді. Олар халықпен санасып, барынша жабық жүруге тырысады. Кей қыздардың не себепті қысқа белдемше киіп жүретінін түсінбеймін. Ашық-шашық киінетіндер отбасын құрамын деп жүр ме? Мұны қалай жүзеге асырмақ? Кіндіктерін жарқыратып, қысқа киеді. Солардың бәрін “Айналайын, мына жүрісің ұят болады” деп отандарына оралтқым келеді. Қалай десек те, барлығы үйде көрген тәрбиеден басталады. Кім қалай киінсе де, өзі біледі. Бірақ, қыз бала ертеңгі ана екенін ұмытпаса екен. Қыз баланың бұзылғаны жаман. Ол бүкіл елге әсер етеді”, – дейді продюсер.

Болманов хиджаб мәселесіне қатысты ойын жеткізді.

“Қыздарымыздың бәрі жабық киінгені жақсы. Оларға тыйым салғаннан не ұтамыз. Керісінше мәдениет пен идеология тұрғысынан жұмыстар жүргізіп, мұны сәнге айналдыруымыз қажет”, – деді әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау