Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық продюсер әр постын жарнамаға арнаған әріптестерін сынға алды

«Жылт еткенді желіге жүктейтін жұлдыздар, жеке парақшасының жарнама алаңына айналғанын сезер ме екен», – дейді Алтынбек Рахметов. Продюсер қызықсыз жазбаларды, пайдалы посттарға алмастырсақ деген ойда…

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Тақтайшалар болады ғой, ылғи жарнамалар жабыстыратын. Сондай болып қалды. Сондықтан… біреудің жаңа әні, біреудің жаңа  бейнебаяны, біреудің тағы бір нәрсесі…”, – дейді Рахметов.

Кез-келген тақырып талқыға түссе, екіжақты пікірдің туындауы заңдылық! Мәселен, Нұржан Керменбаевтың пост жариялаудағы өзіндік ұстанымы бар.

“Менің өзімнің ұстанымым «бірлік бар жерде, тірлік бар», «көп түкірсе көл». Сондықтан, мағанда жарнама керек. Өзіңнің жақындарыңа, достарыңа жібересің. Қабылдайтындар қабылдады, салғандар салды. Салмағандарға ешқандай реніш жоқ!” – дейді Керменбаев.

Жо-жоқ! Нұржанның бұл пікірімен Айқын келіспейді. Өйткені, өнер иесіне «өкпесі қара қазандай» әріптестері жетерлік екен…

“Көп әншілердің менен көңілі түсіп қалған шығар. Себебі, жібереді «Мен ааа, жарайды», – деп салмай кетемін. Түсіндіремін ренжімеш, менен көп адам сұрайды. Біреуін салсаң, екіншісі ренжиді. Екіншісін салсаң, үшіншісі ренжиді деген сияқты”, – дейді Айқын.

Иә, бүгінде Айқынға пост жүктеуді өтінушілердің саны азайған. Әнші бұдан былай, желіге тек жеке басының жаңалықтарды жариялаумен шектелмек.

“Шынында да инстаграм сенің емес, басқа адамдардың инстаграмы сияқты болып кетеді де. Көбіне өзімнің жеке өмірім, жұмысым туралы. Өзімнің қайда жүрмін, не істеп жүрмін. Сол туралы салуға тырысамын”, – дейді Айқын.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Аша Матай келіндік міндетін атқара алмай, енесінен ұялып жүр

Әйкерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанның көңіл қосқаны рас па?

Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ

Қыз баламен сүйістім: Айсәуле Бақытбек туралы сіз білмейтін 10 дерек

Талқылау