Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйкерім Қалаубаева мен Нұрлан Әлімжанның көңіл қосқаны рас па?

Жұрт Нұрлан Әлімжан мен Әйкерім Қалаубаеваны жиі бірге көреді. Жұлдызды жұп мерекелік кештер мен тойларды бірге жүргізеді. Әрі жақында махаббат тақырыбында бейнебаян түсірген жайлары бар. Сондықтан ел арасында Нұрлан мен Әйкерім көңіл қосқан деген әңгіме желдей ескен.

Әйкерім Қалаубаева 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында әріптесі Нұрлан Әлімжанмен ара-қатынасы жайында бар шындықты ашып айтты.

“Бұл жалған ақпарат. Өйткені Нұрланның өзінің жеке өмірі бар, менің өзімнің жеке өмірім бар. Екеумізді байланыстыратын бір үлкен дүние ол – өнер. Бірге бейнебаян түсіреміз деп шештік, себебі сезімді аша аламыз деп ойладық. Өйткені Нұрланда актерлік шеберлік бар, мен де одан қалыс қалған жоқпын. Сондықтан клиптегі дүние әнді ашу мақсатында болған.

Нұрлан екеуміздің арамызда үлкен достық, әріптестік қатынас. Әрине, бір-біріміздің сырымызды жақсы білеміз, өйткені 16 жылдан бері араласып келе жатырмыз”, – дейді Әйкерім Қалаубаева.

Жіберіп алмаңыз:

Айқын сүйіктісі Жұлдыз Өмірғалиге продюсер болмақ

Қыз баламен сүйістім: Айсәуле Бақытбек туралы сіз білмейтін 10 дерек

Қазақ жігіті Түркиядағы “Дауыс” жобасында қазылар алқасын таңдай қақтырды (видео)

Аша Матай: Ажырасу көбейіп кеткендіктен, жалғыз жүрген жандарды қосуымыз керек

Талқылау