Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті Түркиядағы “Дауыс” жобасында қазылар алқасын таңдай қақтырды (видео)

Қазақстандық Әсет Закиров Түркиядағы O Ses Türkiye (“Қазақстан дауысы” жобасының түрікше нұсқасы) ән байқауына қатысып, алғашқы баспалдақтан сүрінбей өтті. Көрмей тыңдау кезеңінде астаналық Әсет әйгілі Джон Легендтың “All of me” әнін шырқап, екі бірдей төрешіні өзіне қаратты. Stan.kz тілшісі жас өнер иесімен тілдесіп, оның түркиялық жобаға қалай тап болғанын анықтады.

Фото: Әсет Закировтың жеке мұрағатынан

Әсет Закиров Түркия университеттерінің бірінде “Халықаралық қатынастар” мамандығы бойынша магистратурада оқиды. Бұған дейін бірнеше отандық жобаға қатысқан Әсеттің өз елімізде жолы болмаған. Алайда елордалық жігіт оған еш өкінбейді. Себебі соның арқасында алға қарай ұмтылған жігіттің шабыты арта түскен.

“Бақытыма орай десем болатын шығар, Қазақстанда қатысқан жобаларым табысты аяқталмады. Бірақ өтпей қалғанымның арқасында шабыттана түстім. Алдыма жаңа мақсаттар қойып, бұл аланда өз білімімді арттыруға бар күшімді салдым”, – деп бөлісті Әсет.

“Қазақстан дауысы”, “Х-фактор” жобаларын сәтсіз аяқтаған соң, Әсет өздігінен музыкамен айналысқан. Әндер жазып, тіпті отандық жұлдыздарға ұсынған. Ал жақында Түркияның университетіне тегін оқуға жолдама алған. Бұл ретте 24 жастағы жігіт түрік жобасына қалай тап болғанын әңгімелеп берді.

Фото: Әсет Закировтың жеке мұрағатынан

“Жобаның болатынын теледидардан көрдім. Музыкамен айналысқандықтан, бұл өлкеде де бағымды сынайын деп қатысуға бел будым”, – дейді Әсет.

Өнер иесінің айтуынша, “Қазақстан дауысынан” басты айырмашылығы Түркиядағы жобаның ауқымы үлкен.

Айта кетейік, көрмей тыңдау кезеңінде Әсет Түркияның белгілі әншісі Hadise Açıkgöz-ды тәлімгер ретінде таңдаған.

“Жалпы түрік әншілерін бұрынан бері тыңдап келемін, жобаға қатысуды ойға алған соң тәлімгерлердің репертуарларын зерттей бастадым. Жобада таңдаған тәлімгердің (Hadise Açıkgöz) стилі маған жақын екенін байқадым. Келешекте бірлікте үлкен жетістіктерге жете аламын деп сол кісіні таңдадым”, – деп бөлісті Әсет.

Фото: Әсет Закировтың жеке мұрағатынан

Түрік халқы астаналық жігітті жатсынбай, зор қошеметпен қарсы алған.

“Қарсыластарым өте дарынды адамдар. Алдағы уақытта табысқа жету үшін бар күшімді салуым керек. Ол үшін қазір репертуарыма жаңа әндер қосып жұмыс жасап жатырмыз. Жалпы поп әндерін өте жақсы көремін. Димаш Құдайбергеновтің үлкен қолдаушысымын. Жобаның басында әлемдік әнді айтқаным дұрыс деп шештім, бірақ алдағы уақытта міндетті түрде ана тілімде де шырқаймын”, – деп уәде берді Әсет.

Ендеше жат елде дарынды өнерпаздармен сайысқа түсіп жатқан қазақ баласына сәттілік тілейміз. Әсетке әлемді мойындатқан Димаштың жолын берсін деген ақ тілегіміз бар!

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әнші әлемге әйгілі боксшымен бірге клип түсірді (видео)

Еркек болып қалыңдаршы: Белгілі тележүргізуші әйелге ұқсап бара жатқан ерлерді сынап тастады

Нұрсұлтан Назарбаев Алтынай Жорабаеваны дүйім жұрттың алдында құттықтады (видео)

Отандық әншілер салыққа берешек екендерін білмейтін болып шықты

Талқылау