Нұрсұлтан Назарбаев Алтынай Жорабаеваны дүйім жұрттың алдында құттықтады (видео)

Бірер күн бұрын Алтынай Жорабаева Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында шығармашылық кешін өткізді. Әншіні бұл қуанышымен елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Ел президенті мемлекеттік концертте өнер көрсеткен Алтынай Жорабаеваның қолын алып, ақ тілегін жеткізген. Талғат Жорабаевтың айтуынша, елбасы Назарбаев Жорабаеваның жеке концертіне қатыса алмағанын айтып, құттықтаған.

“Бүгінгі Мемлекеттік концерттен естелік! Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына арналған концерт! Еңбегіңнің бағаланғаны қандай тамаша! Патшамыз кешегі концертіммен құттықтап, ақ тілегін айтты! Сүйікті тыңдармандарым, сіздердің ыстық ықыластарыңызға Алла разы болсын. Менің Алладан тілейтінім, абыройлы болу… Міне осы – Шексіз абырой! Әкетайым мен Анашым сіздерге мың алғыс, әдемі өмірге келуіме себепші болған! Балапандарым, xаншайымдарым сендерге раxмет”, – деп бөлісті Алтынай инста-парақшасында.

Желідегілер әншіні қос қуанышымен құттықтап жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда түсірілген үнді фильмі прокатқа шығады

Отандық әншілер салыққа берешек екендерін білмейтін болып шықты

Төлеген Мұхамеджанов экс-күйеу баласын ұлындай көретінін айтты

Танымал актер Бауыржан Ибрагимов 15 мың долларға той басқарудан бас тартты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар