Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал актер Бауыржан Ибрагимов 15 мың долларға той басқарудан бас тартты (видео)

Белгілі сатирик, «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының бас директоры Бауыржан Ибрагимов той басқаруын сұрап, 15 мың доллар ұсынған азаматтың бетін қайтарған. Актер асабалық қызметті өз деңгейінен төмен санайды екен, – деп хабарлайды  Stan.kz.

«Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының бас директоры әрі актеры Бауыржан Ибрагимов 15 мың доллар беріп, той басқаруын сұраған адамның бетін қайтарыпты. Актердің сұхбат берген сәтін Instagram желісінде қолданушы erdos.janabergen жариялаған.

«Жақын күндері Ақтау қаласына той басқаруға шақырды. Олар 15 мың доллар беретінін айтты. Мен ұсыныстан бас тартып, бара алмайтынымды айттым. Той иелері бұл жауабыма таңғалды. Бұл менің беделімнен төмен. Біреудің алдында сүмірейіп микрофон ұстағанымнан, қара нан жегенім әлдеқайда жақсы», – дейді Бауыржан Ибрагимов.

 

Әдемі айтқан екен Бауыржан ағамыз.

Публикация от @erdos.janabergen

Өз кезегінде желі қолданушылары актердің пікірін қолдап жатты. «Ақша емес, ары қымбат қой», – деп жазды желі қолданушыларының бірі. Десе де Ибрагимовтың сөзін астамшылыққа балап, сынағандар да болды.

Оқи отырыңыз:

Баян Есентаева атышулы Ақбота Сейітмағамбеттің сұлулығына тамсанды (фото, видео)

Айнұр Тұрсынбаевадан жеңіліп қалған ақын Төреғалидың сынына жауап берді

Танымал италиялық әнші қазақ қыздары туралы: Қыздар қымбат көлік пен қалтаға қарайды

Жаңа көйлегін көрсетіп мақтанған Ерке Есмаханды желі қолданушылары сынап тастады (видео)

Талқылау