Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төлеген Мұхамеджанов экс-күйеу баласын ұлындай көретінін айтты

Белгілі композитор Төлеген Мұхамеджанов экс-күйеу баласы Асылбек Еңсеповті ұлындай көретінін айтты. Бір қызығы, бүгінде бұрынғы жары Құралаймен ат құйрығын үзіссе де, күйші Асылбек те Төлеген Мұхамеджановтың алдынан өтіп, батасын алуды ұмытпайтын болып шықты.

Tengrinews.kz сайтының “The Эфир” бағдарламасына берген сұхбатында Төлеген Мұхамеджанов бұрынғы күйеу баласы туралы әңгімеледі.

“Асылбек менің қызым Құралаймен бірге отбасын құрып, кейін ажырасып кетті ғой. Бірақ әлгінде Асылбек пен Сырымтай қос бейнебаянның тұсауын кесті, мен бардым. Асылбек менің қызыммен ажырасып кетсе де, ол менің ұлым. Күйеу жүз жылдық дейді, мына жерде құдағиым отыр, ал құда мың жылдық дедім. Асылбек те сахнаға шығып, күйін орындағанда мені әке деді. Бұл – өмір”, – дейді Мұхамеджанов.

Композитордың айтуынша, Асылбек пен Құралай қосылмағанда, ел арасында кеңінен таралған “Детство” күйі жарыққа шықпас еді. Сондықтан да әр нәрсенің бір қайыры бар екенін айтады композитор.

“Мен ешқашан ешкімге ренжімеген адаммын. Біреу мынаның намысы жоқ қой деп ойлауы мүмкін. Бірақ мәселе намыста емес. Олай болмайды. Әрқашан да адам бәрін ерекше көзқараспен қабылдауы керек. Екеуі тұра алмады, мұнда бар кінәні Асылбекке жаба салған да дұрыс емес. Мен оны ұлымдай қарсы алдым, енді оны неге жоққа шығаруым керек? Ол маған да, оған да тәрбие. Асылбек менің немеремнің әкесі, мен қалай оны ұлым демеймін?” – деп түйіндеді сөзін сазгер.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Ренат Баситов нәрестелі болды

Қазақстандық Данэлия Төлешова “Голос.Дети” шоуында төрешілерді жылатты (видео)

Танымал актер Бауыржан Ибрагимов 15 мың долларға той басқарудан бас тартты (видео)

Айнұр Тұрсынбаевадан жеңіліп қалған ақын Төреғалидың сынына жауап берді

Талқылау