Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық әнші 10 баланы құтқарған қаңғыбасқа баспана беруді ұсынды

Алматыда 10 баланы өрттен құтқарған қаңғыбастың хикаясы көпшілікті бей-жай қалдырмады. Желідегілер үй-күйсіз жүрген кезбенің әрекетін батырлыққа теңеуде. Бұл ретте отандық әнші Есболат Беделхан ерлік жасаған қаңғыбасқа билік өкілдері пәтер берсе деп ұсыныс білдірді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Әкімшілік немесе үкімет, осы адамға баспана берсе деп сұранамын”, – деп жазды “Орда” тобының әншісі инста-парақшасында.

“Келісемін аға, батыр да батыл азамат”, “Жарайсыз, қолдаймын”, “Адамның адалдығы сыртынан көрінбеген. Наданның сырты бүтін заман. Жылтырымыз сыртымызда ғана емес, ішімізде де бар”, – деп қоштады желі оқырмандары.

Еске сала кетейік, үй-күйсіз қаңғыбас осыдан бірнеше күн бұрын өртке оранған үйден 10 бірдей баланы алып шыққан болатын. Жеткіншектердің үлкені 1-сынып, кішісі бірнеше айлық сәби.

Жіберіп алмаңыз:

Жол апатында екі аяғынан айырылған қыз: Туғаннан өмір үшін күресіп келемін, бақыттымын

Шымкент тұрғыны 3 метр биіктікте “өрмелейтін” сатушы қызға ғашық болып қалды (фото)

Жаңа жылда Қазақстандықтардың неше күн демалатыны анықталды

Ақтөбеде кәсіпкер студенттер тегін тамақтанатын асхана ашты

Талқылау