Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны 3 метр биіктікте “өрмелейтін” сатушы қызға ғашық болып қалды (фото)

Шымкент тұрғыны 3 метр биікке шығып, “тауар іздеп” тұрған дүкен сатушысына ғашық болып қалған. Бірақ биіктіктен қорқатын жігіттің бойжеткенге жақындап, есімі мен телефон номерін алуға батылы жетпепті. Бірақ қыздың батылдығы көз алдынан кетпе қалған жігіт оны әлеуметтік желі арқылы іздеп жатыр.

Жігіт ештен кеш жақсы десе керек, әлеуметтік желілер арқылы мына бойжеткенді іздеп жатыр.

“Кеше фриканға барғанымда бір қызды көріп, ұнатып қалдым. Өзі қорықпайтын қыз екен. 3 метр биікке шығып алып ештеңеден қорықпастан, полкілерді жинап тұр. Өзім биіктен қатты қорқамын. барып танысуға батылым жетпеді. Егер осы қыз менің іздеп жатқанымды білсе номерін берсінші. 2 аптадан кейін Шымкентке қайтып келемін. Оған дейін араласып, сөйлесеберейік деп ойлап тұрмын”,-деп жазған желі қолданушысы.

Ал бұл жазбаны оқығандар түрлі ойларымен бөлісті.

“Мына қылығы үшін бұл қыз жұмыстан қуылып кеткен болар”, “Батыр қыздың жүрегін қорқақ жігіт қайдан жауласын”, “Сол кезде барып бірден сөйлесіп, номерін алып алу керек еді” деген сынды түрлі пікірлер жазылған.

Оқи отырыңыз:

Астаналықтарды күл-талқаны шыққан көліктер легі шошытты (видео)

Қазақстанда иттерінің артын жинамаған адамдарға айыппұл салынатын болады

Қазақстандық ата-әженің не себепті үйлену тойын жасағаны белгілі болды (фото, видео)

Павлодарда басқарма басшысы пара алғаны үшін тұтқындалды

Талқылау