Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда иттерінің артын жинамаған адамдарға айыппұл салынатын болады

Қазақстанда итін серуенге шығарған кезде артын жинамаған азаматтарға айыпұл салу қарастырылып отыр. Егер билік өкілдері ит-мысықты аулау мен асырауға қатысты жаңа ережелер қабылдаса, дәл осындай жағдай орын алмақ. Қазір мемлекетте үй жануарларын серуендетуге арналған арнайы орындар жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Айдар Төлеудинова өзін ит тістегеннен кейін бірнеше ай бойы емделген. Оны Алматының орталық көшелерінің бірінде ит қауып алған. Ер адам әлі күнге дейін иттерді көргенде бойын қорқыныш билейтінін мойындады.

«Жарты жыл бұрын мені ит қауып алды. Әрине, иттерге әрдайым қарғыбау, тұмылдырық тағылғанын қалаймын. Оларды арнайы орындарда серуендетсе екен», – дейді Айдар Төлеудинов.

Ендігі алматылық депутаттар иттерді серуендетуге арналған орындарды шектемек. Алғашқы кезекте балаларға арналған мекемелер мен медициналық орталықтар аумағында итпен серуендеуге тыйым салынады. Алайда ит асыраушылардың айтуынша, қалада үй жануарларына арналған орындар мүлдем жоқ. Ал итінің артын жинамаған азаматтарға міндетті түрде айыппұл салынуы тиіс. Себебі өркениетті елдердің барлығында мұндай қағида бар. Тіпті Швеция ханшайымы да Нью-Йорк көшелерінде итімен серуендегенде, оның нәжісін жинап алып, қолын былғаудан ұялмайды.

«Үй жануарларын серуендетуге арналған орын жоқ. Бұл үлкен мәселе. Себебі бізге үйлердің арасында, артында серуендеуге тура келеді. Мұнда ит асырайтын адамдар көп. Көптеген адам қорқатын үлкен төбеттер де баршылық. Иттің артынан нәжісін жинап жүреміз. Тіпті арнайы пакеттер де бар», – дейді Айгүл Иембергенова.

Жануарларды қорғаушылар жай-күйсіз жануарларды уақытша ұстайтын орындарда асырау ұзақтығын 60 күнге дейін ұзартуды ұсынды. Себебі біреудің асырауындағы жануарды аулап әкететін жағдайлар да сирек емес. Қазіргі уақытта жануарларды уақытша ұстайтын орындарда белгіленген мерзім – 3 күн. Ал Алматыда күн сайын шамамен 70 жануар өлтіріледі.

«Халықаралық құжаттар мен заң талаптары бойынша, иттерді серуендетуге арналған жеке аумақ бөлу мүмкіндігін қарастыру қажет. Біз жануарларды аулаудың гуманистік әдіске көшпекпіз», – дейді Ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасының төрағасыАйдын Керімбек.

Жануарларды аулаудың гуманистік әдісі дегеніміз – гельден жасалған білезік пен тасымалдауға арналған тордың көмегімен аулау. Жаңа ережелер жыл соңына дейін енгізіледі. Бірақ алдымен ережені Алматы мәслихатында бекіту керек.

Сонымен қатар жануарларды қорғаушылар мысықтардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұсынды. Оардың сөзінше, мысықтарға екпе салып, тұқымсыздандырып, еркіне жіберу керек. Егер жаңа ережелер қабылданса, үй жануарларын міндетті түрде тіркеуге тұрғызып, екпе егіп, арнайы чип салу қажет болады.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық ата-әженің не себепті үйлену тойын жасағаны белгілі болды (фото, видео)

Павлодарда басқарма басшысы пара алғаны үшін тұтқындалды

Қарағандыда жүргізушілер «көлік апатынан зардап шеккен» адамдарға көмек қолын созбаған (фото)

Атырауда қайтыс болған ақтөбелік қыздың неліктен көз жұмғаны анықталды

Талқылау