Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жоғалған қыз Барнауылда жасырынып жатуы мүмкін

Осыдан бір апта бұрын Өскеменде жоғалып кеткен Юлия Тетерина Барнауылда жасырынып жатуы мүмкін.

yuliya-teterina

Сурет: qostanay.tv

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

ІІД мәліметінше, Юлия Тетерина жақын уақытта жұмысынан қуылып, өзімен бірге барлық құжаттары мен киім-кешегін алып кеткен. 15 наурыз күні Юлия құрбысы Евгения екеуі автобуспен Барнауылға аттанған. Ол туыстарына бұл жайлы мүлде айтпаған. Оның жақындары 5 күннен соң қыздың жоғалғаны жөнінде полицияға арыз жазған. Іздеуге еріктілер де ат салысты.

Юлия мен құрбысының Барнауылда қалғаны, әлде  Ресейдің өзге  қаласына өткені жайлы әзірге белгісіз. Қыздың жақындары ол туралы ақпарат беруден бас тартты. Полицейлер іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

Ольга Пинэко-Скворцова

Талқылау