Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жеке балабақшаның иесіне баланы қорлағаны үшін айыппұл салынды

Балақайды қорлағаны үшін балабақшаның 52 жастағы басшысына айыппұл салынды.

MPOZj_l

Фото: pryamayarech.ru

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Оның айыбы диктофонға жазылып алынған жазбаның арқасында дәлелденген.

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, анасы жеке балабақшаға барып жүрген баласының денесіндегі көгерген жерлерді байқап қалады. Сосын кезекті рет бақшаға барар алдында, ол баланың киіміне диктофоны қосулы ұялы телефон салып жібереді.

Ал телефоны иесіне әбден бүлінген күйде қайтыпты. Сервис орталығы болса телефон құрылғысына су төгілген болуы мүмкін деген. Алайда диктофон жадындағы аудио жазбаны қалпына келтіру мүмкін болған. Оны мұқият тыңдаған анасы балабақша иесінің баланы қорлағанына нақты көз жеткізеді. Ол дереу әйелді сотқа бергенімен, сот процесі барысында жеңіліске ұшырайды.

Зардап шеккен баланың анасы ақыры балабақша басшысының қол жұмсап, баласын ұрғанын дәлелдей алмайды. Бірақ, тәрбиеленушіні жәбірлегені үшін тәрбиешіге 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Талқылау