Өскеменде дөнерінің ішінен тауық қауырсыны мен тұяғы шықты

Жұма, 18 Наурыз , 2016 14:11

Облыс орталығында тұрғын сатып алған фастфудының ішін көріп таңырқаған. Тұтынушы донердің ішінен тауық қалдықтарын, қауырсынын тауып алған.

MAIN_doner0316

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

“Достар, өз денсаулықтарыңызды сақтаңыздар…бүгін тамақтану үшін тауық донеріп сатып алғанмын. Ішінен, кенет тауық құртын қауырсынымен бірге шыға келді”, – деп бөлісті тұрғын.

Фастфуд тағамы “Колос” супермаркетінде сатылған. Дүкен әкімшілігі аталған жағдайға байланысты ешқандай арыз түспегенін айтты. Дүкенге қарама-қарсы донер өндіретін компания ғимараты да орналасқан.

“Біз бұл фирмамен осы жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеп келеміз. Өнімге қатысты ешқандай көңіл толмаушылық болған емес”, – дейді супермаркет әкімшілігі.

Ал қаладағы фирма басшысы Лариса Литвинова оқиғаға аздап таңқалушылық танытты.

“Бізде өндірістің өзіндік тәжірибесі бар. Барлық адамдар тұтынушыларды сыйлайды. Олар үнемі қолғаппен жұмыс істейді, сол себепті асханада тазалық бар. Оның қалай орын алғанын түсінбеймін. Менің 30 жылдық тәжірибемде бірінші рет кезігіп отыр. Әрине, барлық қызметкерлермен мұны талқылайтын боламыз”, – деді ол.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар