Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде әйел өзін өзгенің есімімен атағаны үшін сүйіктісін пышақтаған

Жетімдер үйінде тәрбиеленген қыз өзінен бірнеше жас үлкен азаматпен азаматтық некеде тұрған. Қыз бұрын ауыр қылмысы үшін сотталған ер адамды тек өзіне ғана көңіл бөледі деп сенген.

680

Сурет: uralpolit.ru 

Бұл туралы timeskz хабарлайды.

Олар жер үйдің бір бөлмесін жалдап тұрған. Үй иесі олардың ішімдік ішуіне де қарсы болмаған көрінеді. Жас қыз қызғаншақ болғандықтан, екеуара жиі ұрысатын болған.

Бірде азамат дүкенге ішімдік әкелуге кетіп, содан ертеңіне таңертең бірақ келген. Ол кезде қыз асүйде пышақпен картоп тазалап тұрған екен. Күйеуі келіп, кешірім сұрап құшақтай бергенде өзге әйелдің есімін атап қалған. Ашуға булыққан әйел қолына ұстап тұрған пышағын оның ішіне тығып алған.

Үй иесі жедел-жәрдем қызметін шақырып, азаматты ауруханаға алып кеткен. Дәрігерлер бұл жайлы полицейлерге хабарлаған. Әйел алғашында болған жайды жайып салғанымен, сот отырысында азаматтың өзінің ұқыпсыздығынан жараланғанын айтты. Кейіннен бастапқы айтқан әрекетін мойындады.

Сот отырысында әйелді кінәлі деп тауып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енген.

Талқылау