Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде 5-сынып оқушысы сабақ кезінде өзін өлтірмек болды

Өскеменде 5-сынып оқушысы сабақ кезінде суицид жасамақ болды. Ол терезеден секіріп кеткісі келген.

Өскеменде 5-сынып оқушысы сабақ кезінде өзін өлтірмек болды

Оқиға орын алған мектептің директорының сөзінше, бұған дейін оқушының психологиялық қиындықтары болған екен, деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz.

Белгілі болғандай, оқушы үзіліс кезінде өзімен бір сыныпта оқитын баламен кикілжіңге келген. Артынша сабақ кезінде ол терезеге шығып алып, секіретінін айтқан. Сол уақытта мұғалім оны әрең дегенде тоқтатып қалыпты.

«Ол бірінші сыныптан бері біздің мектепте оқып келеді. Сабағы нашар. Дегенмен тәртібі нашар емес. Бұл жердегі бір мәселе, біз оның невропатологтың есебіне алынғанын білгенбі. Бірақ анасын оның диагнозы жөнінде айтқан жоқ», – дейді мектеп директоры.

Ал мектеп психологының сөзінше, оқушымен сөйлеспек болған кезінде, ол үнемі көзін ала қашатын және сөйлескісі келмеген.

«Ол өзінің қолын өзі шымшылап, қысып тастайтын. Сонысын зорға қойдыратын едім», – дейді мектеп психологы.

Ал оқушының анасының сөзі басқа. Ол ұлын мұндай жағдайға мектептегілердің жеткізгенін айтып отыр.

«Олар барлығын жасырып, жалған сөйлеп отыр. Мектептің директор ешбір шара қолданған жоқ. Ендігі прокуратураға шағымданбақпын»,  – дейді.

Бүгінде баланың анасы ішкі істер органдарына шағымданып үлгерді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау