Орысша баяндама жасаған шенеунік Бердібек Сапарбаевтан сөз естіді

Жұма, 8 Шілде , 2016 17:39

Ақтөбе облысының әкімі  Бердібек Сапарбаев орысша баяндама жасаған облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбековаға ескерту жасады.

0_Az01xJvCM

Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.

Білім басқармасы басшысы өз баяндамасын қазақ тілінде бастағанымен, біраз кібіртіктеді. Сосын ресми тілге ауысты.

Аталған лауазымға таяуда ғана тағайындалған Сәуле Өмірбекова ҰБТ сынағының нәтижелері мен колледждерде дуальды білім беру жүйесін енгізу туралы мағлұматтармен бөлісті.

Ол өз баяндамасын аяқтаған кезде жиынға төрағалық еткен өңір басшысы оған ескерту жасады.

— “Сіз бір нәрсені ұмытпаңыз. Сіз білім басқармасын басқарасыз. Келесі жолы баяндамаңызды қазақша жасаңыз”, — деді Бердібек Сапарбаев.

— “Жақсы”, — деді өз кемшілігін мойындаған білім басқармасы басшысы.

— “Түнімен дайындалыңыз. Сіз кешегі мектеп директорысыз. Әрине, арасында ресми тілді де қосуға болады енді. Бірақ мемлекеттік тілде сөйлеу керек”, — деді басқаларға да сабақ болсын деген пейілмен сөзін түйіндеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Сапарбаев 10 жауынгерді террористердің көзін жоюдағы батыл әрекеттері үшін марапаттады

Сапарбаевты қытайлық аудармашының қазақ тілін білмеуі ашуландырды

Бердібек Сапарбаев қоластындағыларды жазалап, үйіндегі жарығын өшіріп тастады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

32
Комментариев
  • Анонимно says:

    ЕРКЕК

  • Анонимно says:

    КАЗАКСТАНДА ОСЫНДАЙ АЗАМАТ АГАЛАРМЫЗ АМАН БОЛСЫН!!! АЛЛА ЖАР БОЛСЫН!!! ДЕНІҢІЗ САУ, БАСЫНЫЗ АМАН, ЖУМЫСЫНЫЗҒА ТАБЫС ТІЛЕЙМІН!!! СІЗДЕЙ ҚАЗАҚ ХАЛЫКЫНА, СОНЫҢ ІШІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛГЕ ДЕГЕН ЖАН АЙХАЙЫНЫЗ ҮШІН РАХМЕТ!!!

  • Анонимно says:

    Керемет агасыз. Осындай агаларымыз жасасын!

    • Анонимно says:

      Бердибек аганы оте сыйлаймын. Халыктын нагыз шанашыры.Андай-мындайдан аман болсыншы.

  • Анонимно says:

    Казакша билмейтин кейбир адамдар артына туспесе болды. Оте жаксы адам, аман болсын!

  • Анонимно says:

    Бердібек аға сіз өте білімді өте іскер халқыңыздың жанашырысыз, көп басшылар сізден үлгі алсын.

  • Анонимно says:

    Бул тектинин иси, халкынын камын жеген улдын иси, улт жанашыр агаларымызды коп коре корме тек …

  • Анонимно says:

    Ерекше туылган Азамат.

  • Анонимно says:

    Басшының бəрі Сапарбаевтай болса, дұрыс болар еді

  • Анонимно says:

    Осы кісінң іс-əрекеті мақтауға да, үлгі алуға да тұрарлық.

  • Анонимно says:

    Басқа айтар жок текқана еркексің

1 2 3

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар