Сапарбаев 10 жауынгерді террористердің көзін жоюдағы батыл әрекеттері үшін марапаттады
Бұл азаматтар ҰҚКД мен ІІМ қызметкерлері. Олар Ақтөбе қаласында 5 мен 11 маусым аралығында террористерді ұстау кезінде батылдық танытып, бейбіт жұрттың қауіпсіздігіне адал еңбек еткендері үшін марапатталып жатыр.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев асқан ерлігіміне батылдық танытқан он жауынгерді ерекше атап өтіп, оларға тиісті сый құрмет көрсетілді.
« Террористердің көзін жою оқиғасы еліміз бен біздің қорғанысымызға үлкен сабақ болды. Сол бүлікшілердің кесірінен бірнеше әскери қызметші мен бейбіт тұрғынның өмірі қиылды. Күштік құрылым қызметкерлері дер кезінде қажетті шешім қабылдап, шұғыл әрекет етіп өз міндеттерін жоғары деңгейде орындай білді деп ойлаймын. Сендер президенттің тапсырмасын өз деңгейінде ерлікпен орындадыңдар. Нәтижесінде қылмыстық топтың жолы кесілді»,-деді Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімі басқа өңірлерден келіп айтулы еңбек еткен әскери қызметкерлерге алғысын білдірді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады