Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бердібек Сапарбаев қоластындағыларды жазалап, үйіндегі жарығын өшіріп тастады

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының әкімі облыс басшысынан қатаң түрде жаза тартты, деп хабарлайды 7NEWS.kz.

1_285

Бердібек Сапарбаев 10 жылдан бері Қайыңды ауылына жарық қондырмаған Мұғалжар ауданының әкімін қатаң жазалады. Ауылдың 800-дей тұрғыны бар екен.

Сондықтан аудан әкімі Серік Шаңғытов осы ауылға жарық орналастырмайынша, оның өз үйіндегі жарықты сөндіріп тастаған.

“Ауыл 10 жылдан бері жарықсыз отыр. Бірақ, өздеріңде жарық бар. Аудан әкімі мен орынбасарының үйіндегі жарықты өшіруге бұйрық берем. Осы ауылда жарық қонғанда ғана, олардың үйіне де жарық жағасыңдар”, – деп тапсырды Сапарбаев энергетиктерге.

Сонымен қатар, аймақ басшысы осы аудандағы жол құрылысының сынына ұшырады.

“Сіз 11 жылдан бері аудан басқарып келесіз. Сол жылдан бері тек 11 көшеге ғана тас жол орнатқансыз. Бір жылда бір көше жасалған. Сізге, мүмкін, қалған 30 көшені қалпына келтіру үшін тағы 30 жыл керек шығар”, – деді облыс басшысы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр