Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оразбеков: Ерболат 91 тобын құрып, “Орданың” жұмысын тоқтатуды он жыл бұрын жоспарлаған

Атышулы «Ninety one» тобына қатысты тағы бір тың ақпарат пайда болды. Ерболат Беделхан басқаратын ұжым 2015 жылдың қыркүйегінде дебют алғанымен, аталмыш бойзбендті жасақтау жоспары осыдан 10 жыл бұрын құрылған екен. Бұрын-соңды еш жерде айтылмаған құпияның құлпын Stan.kz ақпараттың агентігінің тілшісіне берген сұхбатында «Орда» тобының экс-әншісі Рүстем Оразбеков алғаш рет ашты.

рүстем оразбеков ерболат беделхан

«2008-2009 жылдары «Ninety one» тобын құру идеясы Ерболаттың бізбен бірге жұмыс істеп жүрген кезінде пайда болған. Ол Ерболаттың өзінің пікірі, ойы болатын. Жігіттер көптеген дәрежеге жетіп жатыр. Қисығы да бар, басқасы да бар. Дегенмен ел аузында. «Ninety one» туралы көптеген үлкен кісілердің айтып жатқаны бар. Маған да бұл топ туралы дастархан басында жиі сұрақ қойылады. Содан кейін ойлана бастадым. «Неге «Ninety one» қазақстандық басқа әртістерден ерекшеленіп тұрады?» – деп. Бірақ ел сынағанымен, маған «Ninety one» тобы ұнайды», – дейді Рүстем.

Ninety one тобы

Сондай-ақ, «Орда» тобының шығармашылықта үнсіздікке тап болуы да, бұрыннан жоспарланса керек. Бүгінде топ жұмысын тоқтатып қойған жігіттер, бойзбендтің 2009 жылы өткен алғашқы концертінде, әрқайсысы жеке кететіндерін сол сәтте өзара болжап қойған көрінеді.

«Біздің 2009-шы жылы жеке концертіміз болды. Сол кезде жігіттер өздерінің қандай дәрежеге жеткендерін байқап, әрқайсысы жеке болашаққа қарай талпына бастады. Қазір балалардың жеке шәкірт тәрбиелеп жатқандары, сол кезінде «Орда» тобында жүріп істей алмаған ойларын, енді жүзеге асырып жатыр», – дейді Рүстем Оразбеков.

Бір қызығы 12 жыл бойы «Орда» тобында ән салған Рүстем Оразбеков, өмірде бұрынғы әріптестерімен қоян-қолтық араласып, жанұяларымен жиі жүздеспейтін болып шықты.

«Күрделі мейрамдарда ғана қосыламыз. Бала-шағамыздың сүндет тойы, тілашар тойы деген сияқты. Ал былай жаңа жылдарда балалар гастрөлдік сапарларда жүреді. Басқа жерлерде жүреді. Нақты «Орда» тобында мен Есболат, Ерболаттармен кейде көрісіп тұрамын. Ал Дастан бауырым болғаннан кейін үйдегі қызықшылықтарда ғана болады. Қатты араласатыным Жанболатпен ғана», – дейді «Орда» тобының экс-мүшесі.

Ал, өнерден қол үзген Рүстем Оразбеков, бүгінгі таңда мал шаруашылығымен айналысып жүргенін жеткізді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: 

Қол жұмсауға мәжбүрлемеңдер: Майғазиев “хайптың” жетегінде кеткен танымалдарға соңғы ескерту жасады

Нұртас Айдарбеков: Апасы аман болса, немерелерімізге де продюсер болады

Нұрболат Абдуллин “жұлдызға” айналған соң, айналасындағы дос-жарандарының өзгеріп кеткенін айтты

Заттыбек Көпбосынұлы көкпар бергені үшін жерден алып, жерге салғандарға жауап берді

Талқылау