Нұртас Айдарбеков: Апасы аман болса, немерелерімізге де продюсер болады

Осы уақытқа дейін немерелерін жұрттан жасырып келген Қайрат Нұртастың ата-анасына көпшіліктің тарапынан айтылатын сындар толастар емес. Таяуда ғана балаларын тыңдарманға таныстырғалы кереғар пікірлердің саны күрт көбейген. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берген Нұртас Айдарбеков, қытығына тиген халыққа өз жауабын берді.

кайрат нуртас 050418

«Жалпы, қайбір қазаққа барып, мысалға мен: «Сен неге немереңді көрсетпедің? Балаңды неге көрсетпейсің?» – деп айтуға менің хақым жоқ. Ол өзі біледі ғой. Көрсете ме, көрсетпей ме? Халықтың болған соң, көптің ішінен сын айтып жатқандар бар. Қазақта сөз бар ғой «Қой ақсағымен мың» деген. Халық болған соң жұрттың бәрі сені мақтап, сені қолдай беру мүмкін емес. Біреуге ұнаймыз, біреуге ұнамаймыз» – дейді Нұртас Айдарбеков.

Ашуға булыққан Нұртас, немерелерін 10 жыл бойы жасыруда бірнеше себептердің барын алға тартады.

«Немерелердің алды 10 жасқа келіп қалды. Төртінші немерем 3 жаста. Оны сахнаға жай шығарып, халықпен таныстырғанымыз болмаса, оның өзі өнер көрсететін жаста емес. Әлі кішкентай. Сол сияқты үлкен немерелерімізде 10 жылдың ішінде кішкентай жаста болды біріншіден. Екіншіден қазақта тіл бар, көз бар дейді. Бала болған соң, дегенмен бізде сақтаныңқырап жүрдік. Ол Құдайдан жасырмағанды, адамнан несін жасырасың? Көпшілік болғандықтан айтады: «Неге көрсетпей жатыр? Неге тығады екен?» – деп. Біз түсінеміз. Өйткені біздің отбасымыздың өзі «халықтың адамы» деген атаққа ие болған отбасымыз ғой», – дейді Нұртас.

Қайрат Нұртас ұл-қыздарының өнерге келгенін қаламаса да, жоспарын алдын-ала құратын жұлдызды жанұяның ата-әжесі, төрт немересінің болашақ продюсерін таңдап қойған.

«Менің үлкен немеремнің музыкалық білімі бар. Төртінші жыл фортепианоны оқып жатыр. Ол сол салада қызмет етпесе де, мен ойлаймын өзіндік білімі болады деп. Алау қызымыз, би жағынан шығып жатыр. Үшіншісі Нарұл шынымды айтайын, ол әкесі сияқты әнші болады деп айта алмаймын. Одан мықты актер шығуы мүмкін. Ал Қайраттың жолын толық қайталайтын ұл – Хан. Кенжесінің жасы 3-те. Музыкалық қабілеті ерекше. Апасы аман болса, оларға да продюсер болатын шығар деп ойлаймын. Келініме рахмет. Жартысын өзіне ұқсатып, жартысын бізге ұқсатып, ешкімді де өкпелетпеді», – дейді Қайраттың әкесі.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Тағы оқыңыз: 

Бүркіттің жары Аиша үшінші перзентін суда босанбақшы

Нұрболат Абдуллин “жұлдызға” айналған соң, айналасындағы дос-жарандарының өзгеріп кеткенін айтты

Француздың ұлы Мұхаммед: Тамара Асар шетелдіктер асырап алған қазақ баласының аянышты тағдырын баяндады

Әкесін үлгі тұтады: Иманбаева ұлының Сәбит Әбдіхалықовпен ара-қатынасы жайлы айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
26.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар