Заттыбек Көпбосынұлы көкпар бергені үшін жерден алып, жерге салғандарға жауап берді

Туған өлкесінде туыстары мен өнердегі әріптестерінің басын қосып, көкпар өткізген Заттыбекті жұрт сынның астына алған. Stan.kz тілшісіне сұхбат берген Көпбосныұлы, кереғар пікір білдірген көпшілікке жауабын берді.

«Көкпардың мән-мағынасын, оның дәстүріміз екенін түсінбей жатқандар неше түрлі әңгімелер айтып жатыр ғой. Енді сонша ақшаны көкпарға беріп шашқанша, пәлен жерде пәлен болып жатыр. Түген жерде түген ауырып жатыр. Соларға бермей ме деген секілді, әлеуметтік желінің арғы жағында отырып алып, сайрай беретін білгіштер көп. Оны жазбас бұрын, не үшін берді? Көкпар деген не? Оны қандай мақсатта берді? Соны зерттеп барып жазса, мен қуанар едім», – дейді Заттыбек.

Көпбосынұлы көкпардан бейхабар жандарға, аталмыш дәстүрдің қыр-сырымен қанық болуға кеңес береді. Әншінің дүбірлі той жасаудағы мақсаты, ұлды болсам деген асқақ арманнан туындаған еді.

«Көкпар бұл ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрдің бірі. Көкпар беру көптен бері елдің тілегі тұғын. «Көкпар беріп жіберсеңші!»  деген секілді. Оны әркім, әртүрлі жағдайда беріп жатады ғой. Көпшілігінде Алладан тілеу тілеп, елдің батасын алайын деген сияқты, бір жақсылықпен береді. Той қылып береді, ас қылып та береді.  Менікі енді сол «той көкпары» болды. Алладан сұрап, шаңырағымызға «атбайлар» келсін деген үмітпенен, елдің батасын алайық деген ойменен берілген көкпар болды. Бұған дейін де беруге болар еді. Бірақ сәтін енді салып тұрған шығар. Қорқыныш болды, әрине. «Қалай өткіземіз, қалай болады?!» – деген сияқты», – дейді әнші.

Бүгінде Заттыбектің жанұясында бір бұрымды өсіп келеді. Әнші мен жұбайы тұңғыштарын 10 жылдан астам уақыт күткен болатын. Ал, қызы Айзере күндіз-түні бауырларым болса деп армандайды екен.

«Ниет еттік. Қызым бізден бетер уайымдап жүр. Күтіп жүр. Сондықтан сол кішкентай періштенің тілегін қабыл етсін деп тілейміз Алладан. Өсіп келе жатыр. Ақылды болып өсіп келе жатыр. Биыл мектептің алғашқы дайындық қадамына барды. Қуантып жатыр. Ұстаздары да мақтап жатыр. Әрбір жақсылық, әрбір қуанышына марқайып, үлкен бір жауапкершілікті арқалап жүрміз қазір», – дейді Көпбосынұлы.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.

Оқи отырыңыз: 

Қол жұмсауға мәжбүрлемеңдер: Майғазиев “хайптың” жетегінде кеткен танымалдарға соңғы ескерту жасады

Толық, шаршаңқы, жылауық: Қазақстандықтар Салтанат Бақаеваға қолдау білдірді

Қазақстандық әнші өзінің тегін “дөрекі” деп санап, оны ауыстырғанын мәлімдеді

“Арман” киносының анайы тілі жаншошырлық: Журналист Қайрат Нұртастың киносын сынға алды

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар