Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қызметтік көлікті жуып жатқан жауынгерлер кадрға ілініп қалды (фото)

Оралда жас жауынгерлердің қызметтік көлікті жуып жатқаны байқалып қалған.

7ceda710-acac-4341-b6cc-7dc2d7eed50f-800x600

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Суреттерде тері комбинаты аялдамасы маңындағы су колонкасында қызметтік көлікті жуып жатқан әскерилер екені анық байқалады.

8dd3b3f4-fa51-4d06-a255-75f948eeebf4-800x600

“Қала тұрғындарының осы мәселеге назар аударғанын қалаймын. Әскерилер осымен бірнеше мәрте қызметтік көліктерін біздің колонкаға әкеліп жуып жатыр. Біз ескерту айтқан сайын олар “біз жуып жатқан жоқпыз, біз тек су жинап жатырмыз” деп жауап береді. Ал олар кеткен соң суағардың қасына бару мүмкін емес. Аумағының бәрі шалшық болып жатады”, – дейді Орал тұрғыны Раушан.

13717c0c-3ae2-49a3-9bc7-6c43879a2292

Тұрғынның айтуынша осыны көрген өзге тұрғындар да бұл жерге заттарын әкеліп жуып алуға әдеттенген екен.

d6ad0856-a4ed-418e-9596-c1de8a590791

Ал су алуға келген егде кісілер мен балалар қиындық көреді.

Талқылау