Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда көлік ұрлағыш 8 жасар бала психиатрлық тексеруден өтетін болды

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция бөлімшесінде өткен брифинг барысында Оралдағы көлік ұрлағыш 8 жасар балаға психиатрлық тексеру жүргізілетіні белгілі болды.

Оралда көлік ұрлағыш 8 жасар бала психиатрлық тексеруден өтетін болды

Бұл туралы “Мой город” порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі

БҚО ІІД ЖПБ басшысының орынбасары Кенжебек Куспаевтың айтуынша, 9 тамызда сағат 22: 30-да 102 қызметіне Есенжанов көшесінің бойындағы Теремок дүкенінің жанында тұрған «Тойота» автокөлігінің ұрланған туралы хабар түсті.

«Осы факті бойынша «көлік ұрлаушыны ұстау» жоспары жарияланды. Оны қолға түсіру үшін барлық патрульдік көліктер жұмылдырылды. Шолохов көшесінде іздестіру іс-шаралары кезінде ұрланған көлік табылды. Алайда, жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату жөніндегі талаптарын орындамады. Күдіктіні қуу кезінде рөльде кішкентай баланың отырғаны белгілі болды»,- дейді Кенжебек Куспаев.

Көлікті ұрлаған бала көпірдің астындағы бағанаға барып соғылған. Қазір осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, кәмелетке толмаған бала көлікті бір емес, бірнеше рет ұрлағандықтан балаға психиатриялық тексеру тағайындалды.

«Екі жағдайда да баланың қандай да бір пайда көру туралы мақсаты болмады. Баланың айтуынша, оның осылай көлік ұрлауына Никита есімді көршісі әсер еткен. Біздің инспекторлар баланың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізді. Ол толыққанды, тәрбиелі отбасында тәрбиеленеді. Бала да, ата-анасы да полицияның тіркеуінде емес», – деді Кенжебек Куспаев.

Сондай-ақ, ұрлықтан келтірілген шығынның мөлшері анықталуда. Ал, жәбірленуші балаға не оның отбасына қатысты ешқандай шағым түсірмейтіні туралы арыз жазды. Бала бұған дейін де өзгенің көлігін ұрлап кеткендіктен алдыңғы ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

«Баланың мәселесіне келетін болсақ, кез келген жағдайда оған қатысты қылмыстық iс тоқтатылады. Себебі, ол қылмыстық жауапкершілікке талтылатын жасқа жетпеген. Бірақ баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады», – дейді полиция.

Естеріңізге сала кетейік, 9 жасар бала 6 тамыз күні де өзгенің көлігін айдап қашамын деп жол апатын жасаған болатын. Ал, кеше ол тағы да көлік ұрлап ұсталды. Артынша оның 8 жаста екені анықталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау