Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда “Ел Ырысы” аялдамасында ақша айырбастау пункті өртеніп кетті (видео)

4 қаңтар күні ақша айырбастау пункті мен  автосақтандыру офисі отқа оранды.

obmennik-4

Бұл туралы “Мой ГОРОД” порталының тілшісі хабарлады.

 

От сөндірушілердің бірінің айтуынша, хабарлай салысымен бірнеше минуттан соң, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен, алайда, “Жайық жарығы” мекемесінің қызметкерлері  кешігіп келгендіктен өртсөндірушілер ақша айырбастау пунктін электр желісінен өз күштерімен ажыратуға тура келген.

«Сейф, жиһаз және басқа да құнды заттарды қодайындарымен біргше алып шықтық. Бір сейф толық жанып кетті, алайда оның ішінде ақша болмады, тек кейбір қағаздар ғана»,  – дейді өртсөндірушілердің бірі.

БҚО ТЖД  баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт аумағы 60 шаршы метрді құраған. Өрт себептері анықталуда.

obmennik-6

Талқылау