Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда абайсызда қалаға кіріп кеткен елікті ит қауып алған

Қала тұрғыны ғимарат алдында жабайы аңға иттің шабуылдап жатқанын байқаған. Сол араға құтқарушылар шақырылып, елікті облыстық экологиялық орталыққа алып кеткен, деп хабарлайды Мой город.

11116008

Сурет: © Владимир Астапкович

Тексеріс кезінде орталық қызметкерлері еліктің артқы аяқтарының қозғалмайтынын, мойнының сынғанын айтты. Жаралы елікті дәл осы күйінде орманға жібере салу қауіпті. Оған мал дәрігерлік көмек көрсетілмесе, өліп кетуі мүмкін.

Айта кетейік, Оралдың ТЖД қызметкерлері үшін мұндай құтқару жағдайы алғаш рет болған.

Талқылау