Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақ актері не себепті үйлену тойы болмай қалғанын айтты

“Өнер қырандары” театрының белді мүшесі, актер Жанболат Найзабеков басынан өткен ауыр жайтты есіне алды. Айтуынша, сол оқиғаның салдарынан актердің жоспарланған үйлену тойы өтпей қалған.

"Өнер қырандары" театрының актері Жанболат не себепті үйлену тойы болмай қалғанын айтты

Бұл туралы Жанболат 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Таяуда Жанболат 30 жасқа толуына және жаңа үйге қоныс аударуына орай дүркіретіп той жасады. Бұл – Найзабековтің жанұясындағы екінші той. Бұған дейін актер қызы 1 жасқа толған кезде ағайын-жұртының басын қосқан. Ал бүгінде үш қыз тәрбиелеп отырған Жанболаттың шаңырақ көтеру тойы болмай қалған.

“Өйткені 2012 жылы Алланың сынағымен үйлену тойым болмай қалған. Көлік апатына ұшырап, тойдың үстінде бір жағдай болып, көпке дейін есімізді жия алмадық. Кейін қызымның 1 жасын, енді міне өзімнің 30 жасым мен қоныс тойымды тойлап жатырмын”, – дейді Жанболат.

Найзабеков жұбайының үш қыз тапқанына ренжімейтінін айтты.

“Бір Алла біледі. Жалпы ұл-қыз демеймін, Алланың бергені. Үшеуінде де жұмыста болдым. Төртінші бала тапса, қасында боламын деп уәде беремін”, – дейді Жанболат.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау