Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Омбы қазақтары Петропавлға 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Омбы қазақтары Петропавл тұрғындарына 55 тонна гуманитарлық көмек жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “24KZ” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото сюжет кадрларынан скринделген

Қажет заттар, су және азық-түлік бар 22 жүк көлігі жіберілген.

Су тасқыны салдарынан Петропавлдың Қазақстанның басқа өңірлерімен байланысы үзілген. Қазір су астында қалмаған жалғыз жол – Омбы тас жолы.

“Біз үшін қазір ауыз су, резеңке етік, комбинезон, батпаққа арналған етік, мотопомпалар, электр сорғылары қажет. Әр жүкке шамамен 2-3 мың қап жібереміз. Азық-түлік пен жеке күтім құралдары жіберілді”, – деді мешіт төрағасы Дулат Сағитов.

Құтқару кеудешелері мен қайықтар, аккумулятормен жұмыс істейтін шамдар, көрпелер, генераторлар мен су сорғылары су тасқыны аймағында зардап шеккендер үшін өте маңызды. Омбылықтар Петропавл үшін гуманитарлық көмекті төрт жергілікті мешітке және қаланың қоғамдық ұйымдарына жеткізеді.

 



“Әрине, біз де әрекет ете бастадық. Қазақстандық достарымыз бар. Орыс болсын, қазақ болсын маңызды емес. Маңыздысы – бір-бірімізге көмектесу. Бүгін бізде мәселе болса, ертең оларда да мәселе туындауы мүмкін. Сондықтан баршаны көмектесуге шақырамын”, – деді Омбы қаласының тұрғыны Расиль Мухамедьянов.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанға Өзбекстан 15 жүк көлігін, Тәжікстан 61 вагон мен 13 жүк көлігі гуманитарлық көмек жіберген еді.

Талқылау