Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Алматы облысының спорт басқармасының басшылығына келді

2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында грек-рим күресі бойынша күміс жүлдеге ие болған Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына келді, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұрбақыт Теңізбаев

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook желісінде хабарлады.

«Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Бұл қызметке Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев тағайындалды», – дейді Ғалымұрат Жүкел.

Нұрбақыт Теңізбаев грек-рим күресі бойынша 2008 жылғы Олимпиада ойындарының күміс, 2009 жылы өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2003 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау