Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушылар өмірін құтқарған павлодарлық полицей жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр

Павлодарда жолдың қарсы бетіне шығып, балалар отырған автобусты күзеткен полицей көлігімен соқтығысқан 50 жастағы КамАЗ жүргізушісі ұсталды. Қазір ол тәртіп сақшыларына түсініктеме беріп жатыр. Ал, балалар өмірі үшін өз жандарын пида еткен полиция қызметкерлерінің бірі ауыр жарақаттан есін әлі жимаған. Екінші полицей оқиға орнында жеңіл жарақат алғанын айтып, ауруханаға жатудан бас тартқан. Бұл туралы өңірдегі ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

полиция

Суретте оқушыларды жол апатынан құтқарған  полиция қызметкерлері  Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісов.

Жол-көлік апатының салдарынан 39 жастағы аға сержант Мұрат Нұрсеитов түрлі жарақаттармен Павлодардағы ауруханаға жеткізілді. Ол қазір жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер полицейдің халі мүшкіл екенін айтуда. Сондай-ақ, оның әйелі мен үш баласы бар екені анықталды.

Ал оның әріптесі Баянбек Жүнісов емханаға барудан бас тартқан.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. КамАЗ-ды тізгіндеген жүргізуші түсініктеме беріп жатыр. Жол апаты кезінде мас болмаған», – деп хабарлады ведомстводан.

1967 жылғы азамат Павлодар қаласындағы фирмалардың бірінде жұмыс естейтіні белгілі болды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жол апатында зардап шеккен тәртіп сақшысы Мұрат Нұрсейітовтың жағдайы туралы хабарлады. Ол ішкі істер органдары саласында 2000 жылдардан бері еңбек етуде. Әйелі мен үш баласы бар.

«Мұрат Нұрсейітовтың жағдайы ауыр. Әзірге есін жиған жоқ. Ол қаңқа жарақатын алды. Алдағы уақытта қосымша тексерулер жүргіземіз. Бұл – алдын ала жасалған диагноз», – дейді Павлодар қалалық №1 ауруханасының бөлім меңгерушісі Кеңес Ақылжанов.

Бұған дейін оқушыларды жарысқа жеткізіп тастамақшы болған полицейлер өз өмірін қатерге тіге отырып құтқарғаны жайлы жазған болатынбыз.

Атвобустың ішінде болған оқушылар   аман-есен.

Оқи отырыңыз:

Төтенше жағдай: Жамбыл облысында қар көшкіні жүріп, 7 сарбаз қаза тапты

Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

12 жастағы қызды туған ағасы зорлап жүкті қылған

Талқылау