Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жол апатынан 5 адам көз жұмды

ОҚО-да тас жолда болған көлік апаты 5 адамның өмірін қиып кетті. Қайғылы хабарды Түркістан қаласының прокуроры Руслан Әбдірайымов әлеуметтік желіде хабарлады.

photo_223171

«Құрметті жүргізушілер!!! Сапарға шыққанда сабырлы, салмақты және абай болыңыздаршы!!! Бүгін тағы қаралы xабар жетті. Шаян-Шымкент тас жолының бойындағы жол көлік оқиғасынан 5 адам қайтыс болды, оның ішінде 2-еуі кәмелетке толмаған… Ағайын, көлікте жалғыз болсаң мейлі, бала-шағаны толтырып алып, заңды сақтамау, жолаушыға жасалған қастандық емес пе, олардың не кінәсі бар», – деп жазды ол әлеуметтік желіде. Прокурор, сондай-ақ, ата-аналарды жолда абай болуға шақырды.

Тағы да оқыңыз:

ТМД-ның 5 елінде 500 мыңнан аса адамды алдаған алаяқ анықталды

Мектеп директоры: Бір сыныпта 40 бала отырғанда, оларға қандай білім береміз?

Елімізде ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін

Талқылау