Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп директоры: Бір сыныпта 40 бала отырғанда, оларға қандай білім береміз?

Астанада мектеп те, сабақ беретін мұғалімдер де жетіспейді. Салдарынан бір сыныпта 50-60 баладан оқып, ұстаздардың сапалы білім беруге уақыты жоқ. Бүгін елордада өткен тамыз кеңесінде мұғалімдер Астана әкімінен мектеп проблемасын шешіп беруін сұрады.

мектеп директоры 2308

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

«Қазіргі таңда бір мұғалімнің екі сыныппен жұмыс істеуі қалыппен жағдайға айналған. Екінші мәселе оқушы орнының жетіспеушілігі. Бір сыныпта 40 оқушы отырғанда жаңа білімді табысты енгіземіз деп айту қиынға соғады», – дейді Астана қаласындағы мектеп директоры Құралай Байтәжікова.

Мемлекеттік тілді меңгеріп үлгермеген Әсет Исекешев мектептің жетіспеуіне оқушылардың жыл сайын 15 мыңға көбеюі себеп деді. Соңғы жылдары мектеп жасындағы балалардың саны 5-6 есеге көбейіп, биыл 145 мың оқушы сабаққа барады екен. Астанаға жұрт ағылады, бала туу көрсеткіші жоғары, сондықтан білім ордасын салып үлгермей жатырмыз. Оның үстіне елордадан құрылыс жүргізетін жер іздеп уақыт жоғалтамыз деп ақталды әкім. Исекешевтің есебінше, қазір 47 мектеп құрылысын бастауға сақадай сай екен. Алдағы үш жыл ішінде білім ордалары салынса, мектеп тапшылығы жоғалады деген сенімде.

Жіберіп алмаңыз:

Елімізде ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін

Шахан апатына кінәлілер түрмеден құтылып кетті

Енді мүмкіндігі шектеулі адамдар киім ауыстыру кезінде қиналмайтын болады

ҰБТ дауы: Талапкерлер грант тізімінде болғанымен, студенттер қатарында болмай шықты

Талқылау