ТМД-ның 5 елінде 500 мыңнан аса адамды алдаған алаяқ анықталды

Сәрсенбі, 23 Тамыз , 2017 22:44

ТМД-ның бес елінде әртүрлі қаржы пирамидаларын құрып, жүз мыңдаған адамды алдап жүрген алаяқ анықталды. Павел Крымов есімді Украина азаматынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар да көп екен. Бүгін Алматы қаласы ішкі істер департаменті күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

крымов алаяк

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Су жаңа көліктер, зәулім, салтанатты үйлер, дүниежүзіне саяхат, бағалы тастар. Қаржы пирамидалары осының бәріне түк жұмыс істемей-ақ, тек инвестор ретінде ақша құйсаңыз ғана қол жеткізе аласыз деп қызықтырады. Оңай олжаға көз тіккендер, алаяқтың құрығына қалай түсіп қалғандарын өздері де түсінбей қалады. Алматы қаласының тұрғыны да Павел Крымов  есімді азаматпен интернет арқылы танысып, «Questra world» және «Atlantik Global» компаниясына ақшасын салып жіберген. Осылайша үйленем, үй салам деп жинап отырған 75 мың долларынан бір-ақ сәтте айырылып қалған.

«Ақшаны салдым, сосын ол ақшаны процентпен шығарып алдым. Сосын тағы да маған айтқан, көрсеткен видео. Жақсы өмір сүресің, біз сияқты жүресің, бәрін көрсеткен Дубайда, Анталияда берег, как он отдыхал», – дейді жәбірленушілердің бірі.

Экономикалық жоғары білімі бар Павел Крымов қаржы пирамидаларының түр-түрін соңғы 15 жылдан бері құрып келеді екен. Олардың қатарында Forex Trend, Panteon Finance, Private сияқты бірқатар инвестициялық жобалар бар. Ол бір компанияны банкрот деп жариялап, артынша басқасын ашып, халықты алдауын жалғастырып отырған. Осылайша тек соңғы бес жылда алаяқ Қазақстан, Ресей. Украина, Белорусь елдерінен 500 мыңнан астам адамды алдап,  29 миллион доллардан астам қаржыны қолды еткен.

«Аса ірі көлемде алаяқтық дерек бойынша іс қозғалып, Крымов Павел Георгиевич 1975 жылы туылған азамат күдікті ретінде танылған болатын. Қазіргі кезде бұл азамат тергеу органдарынан қашып жүр», – дейді ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Павел Крымовты қазір полиция іздестіріп жатыр. Кейбір ақпарат көздері бойынша, ол Латвияда тұруы мүмкін. Халықтың ақшасы оның шетелдегі бірнеше офшорлық шоттарында жатыр. Ғаламторда Крымовтың  қылмысын әшкерелеу үшін тіпті арнайы «СтопКрымов» деген ресурс та жасалыпты. Алаяқтың жалғыз жүріп, мұншама адамды алдауы мүмкін емес. Сондықтан интернет ресурста  Крымовтың сыбайластары туралы да ақпарат бар.

Қазақстанда Крымов Павел Геннадьевич есімді азаматқа алданып қалған адамдар саны өте үлкен болуы мүмкін. Сондықтан Алматы қаласының Ішкі істер департаменті суретте көрсетілген азаматты таныған әрі алданған жағдайда міндетті түрде полицияға хабар беруді сұрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Мектеп директоры: Бір сыныпта 40 бала отырғанда, оларға қандай білім береміз?

Елімізде ұшақ билеттері қымбаттауы мүмкін

ҰБТ дауы: Талапкерлер грант тізімінде болғанымен, студенттер қатарында болмай шықты

Бес атыраулық азаматтың ДАИШ құрамында соғысып жүргені белгілі болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар