Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да оқушылар тауық қораға ұқсас мектепте оқып жатыр

Бала көп, бірақ білім алатын мектепке сыймайды. 300 балаға арналып салынған нысанда 600 оқушы сабақ оқып жүр. Соның салдарынан бір партада үш бала отырады екен. Бұл – Оңтүстік Қазақстан облысындағы жағдай.

Ата-аналар бірнеше жылдан бері бұл мәселенің шешілмей келе жатқанын айтады. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Сарығаштағы Көктөбе шағын ауданында мектеп болмаған соң, жергілікті кәсіпкер осыдан 13 жыл бұрын жеке қаражатына бастауыш мектебін салып беріпті. Бүгінде бұл білім ұясында оқушылар үш аусымда оқиды. Әр сыныпта 20-дан астам шәкірт бар. Кей кездері үш бала иықтасып бір партаға жайғасатын күндер де жоқ, емес екен.

Ел арасында «тауықхана» аталып кеткен бастауыш мектебінде бүгінде 500-ден астам оқушы білім алады. Мектеп кезінде жергілікті кәсіпкер Молдалы Қолдастың тікелей қаржысымен салынған. Бірақ, неге екені белгісіз арада біршама уақыт өтсе де оқушылар тар бөлмеде білім алуға мәжбүр.

«0 кластан бастап, әр 6 класстан бар біздің балалар. 4 кластағылар оқиды анда, оның өзі 6 класс. Екеуі осында оқиды, қалғаны ана жақта оқиды. Сол үшін бәрін біріктіруіміз қажет» – оқушының анасы Қалдыгүл Балтабаева.

Ауылда мектепке баратын бала саны артқан соң жергілікті билік үш жыл бұрын басқа жерден жаңа мектеп салып берген. Бірақ, бала санын ескермегенге ұқсайды. 600 орындықтың орнына, небәрі 300 балаға шақталған нысан тұрғызған. Соның салдарынан оқушылар екі мектепке бөлінуге тура келеді.

«Сол кезде аудандық оқу бөлімінде ауыс түиіс деген көп болып жемқорлық деген бірі келіп бірі кетіп жаткан орын алған кезі. Мына жерге есепсіз мектеп түсіп кеткен» – зейнеткер Молдалы Қолдас.

Осы күні ескі мектеп пен жаңа білім ұясының арасы 1 жарым шақырымды құрайды. Егер біреуінде іс шара өтетін болса, оқушылар мен ұстаздар екі жаққа бөлініп жүргені. Сондықтан, шағын емес бірден үлкенін салу қажет еді, дейді тұрғындар.

«Бүгін кішкентай мектеп саламыз бір жылдан кейін тағы айғай басталады сыимай жатырмыз деп.. Жаңа корпус жаңа үлкен жолдың бойында орналасқан.тиімді жері өте қолайлы. Барлық жағдайы сыйады төрт гектар жерге мың балаға мектеп салуға болады» – Сарыағаш қаласының тұрғыны Амантай Мамудаев.

Ауылда мектеп тапшылығы бар екенін аудан әкімдігі де мойындап отыр. Бірақ, жаңа білім ұясының жанынан қосымша ғимарат салып бермекші. Ол үшін жобалау сметалық құжатын әзірлеп жатыр.

«75-80 % проект жұмыстыры бітіп қалды.Ол да үлкен қаражат. 900 орындық болып бірден салынғанда ол дұрыс болар еді. Проект ерте жасалған, ол кезде біз жоқпыз» – Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Құдірет Қыстаубаев.

Дегенмен, жергілікті тұрғындар аудан әкімдігі өз шешіміне өзгеріс енгізер деген үмітте жүр. Егер ойлары іске асатын болса, ескі мектептің ғимаратын балабақшаға айналдырмақшы. Сөйтіп, екеуінің арасын өтпелі галереямен байланыстыруды көздеп отыр.

Тағы оқыңыз:

Жоғалып кеткен алматылық қыздың ағасы: Желіде сөйлескен жігіт қарындасыммен 3 сағат пәтер жалдаған

Қазақ журналисі: Томирис актрисасын “баяғы қазақтар көк көзді болған» дейтін күлкілі концепцияға сай таңдаған

Уағызын ашулықпен айтқанын мойындаған Абдуғаппар Сманов халықтан кешірім сұрады (видео)

Талқылау