ОҚО-да мешіт имамына жамағатқа уағыз айтуда экстремистік идеологияны насихаттады деген айып тағылды
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында имамы теріс уағыз жасаған деп айыпталды. Қарабұлақтағы мешітте имам қызметінде болған азаматқа құзырлы орындағылар теріс дінді уағыздап, тұрғындар арасында алауыздықты қоздырғаны үшін айып тақты.
“Жамағатқа уағыз айтуда экстремистік идеологияны насихаттады” деген молданың ісі қазір аудандық сотта қаралуда.
Қырық бес мыңдай тұрғыны бар Сайрамның Қарабұлақ ауылында жиырма үш мешіт бар. Имамға бой түзеп, соған ұйыдық дегендер теріс уағызынан хабарымыз жоқ деп отыр.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
“Жақсы кісі еді. Имамға ұйым намазымызды оқып жүрдік. Енді басқа тірліктерінен хабарымыз жоқ “, — дейді ауыл тұрғыны Рахымжан Мамедов.
Мешіттің наиб-имамы бұрынғы әріптесі жайлы пікір айтудан қашқақтады. Бұрын бірге жүрдік, ағайын-туыстары дұрыс түсінбеуі мүмкін деді.
“Оның әке-шешесі,туыстары бар. Жұмыс орны болғандықтан бірге келіп-кетіп жүргенбіз, сәлеміміз түзу болды. Ол туралы басқа ешнәрсе айта алмаймын”, – дейді Қарабұлақ ауылы мешітінің наиб-имамы Жамалхан Құрбантаев.
Имамды айыптаған іс бойынша алғашқы сот отырысы өтті. Ол қылмыстық кодекстің 174-бабы 2-бөлігімен, яғни дiни алауыздықты қоздыру дерегімен жауапқа тартылуда.
“А.С. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс Сайрам аудандық сотының өндірісіне келіп түсті. Қылмыстық іс қазір қаралып жатыр”, — деп атап өтті ОҚО Сайрам аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Сабыр Мейрамбаев.
Діни экстремизге қатысты биылдың өзінде Сайрам ауданында үш азамат сотты болған. Ал бұл төртінші жағдай. Егер имамның қылмысы дәлелденетін болса, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
Жіберіп алмаңыз:
Жағдайымды айтсам жылап жіберемін: Күйеуін асырап отырған ақтөбелік келіншек жанайқайын айтты
Көпшіліктің көзінше жасөспірімді балағаттаған астаналық әйел айыппұл төлейді
Жеті баласынан көз жазып қалған ана отбасымен 22 жылдан кейін қауышты