Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көпшіліктің көзінше жасөспірімді балағаттаған астаналық әйел айыппұл төлейді

Қоғамдық орында кәмелеттік жасқа толмаған баланы балағаттаған астаналық әйел 12 мың теңге айыппұл төлейтін болды.

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сотта анықталғандай, 2018 жылдың 9 ақпаны күні көпшілік орында болған Астана тұрғыны кәмелеттік жасқа толмаған баланың ар-намысына нұқсан келтіретін сөздер айтқан. «Жасөспірімге балағат сөз айтқан азаматша өз әрекетімен қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды», – делінген сот ақпаратында.

Сотта әйел кінәсын толық мойындап, өз ісіне өкінді. «Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімімен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деді баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

Жеті баласынан көз жазып қалған ана отбасымен 22 жылдан кейін қауышты

Синоптиктер: Қазақстанда тағы да аяз болады

Ақтөбедегі Бергей Рысқалиевтің зәулім үйін әлі күнге дейін күзетшілер күзетеді

Алматы облысында ауруханаға түскен 4 жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

 

Талқылау