Синоптиктер: Қазақстанда тағы да аяз болады

Алдағы тәуліктерде республикадағы ауа температурасы 3…8°С дейін климаттық нормадан жоғары болып сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша 28 ақпан күні ауа райының күндізгі температурасының +50C-қа дейінгі өткінші жоғарылауы,  жауын-жашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жаууы күтілуде. Осыған байланысты, қар еріп, мұздық құбылыстардың әлсіреп, сең буылып судың өзен арнасына шығуы, таулы өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін.

Кейіннен 1-2 наурызда ауа райы температурасының түнде -20-250C, күндіз -15-200C-қа дейін төмендеуі болжанады, қар, кей жерлерде қатты қар жаууы күтілуде. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 28 ақпан-1 наурызда жел 23-28 м/с-қа күшейеді.

Қарағанды облысы бойынша 28 ақпан күні ауа райының күндізгі температурасының +30C-қа дейінгі өткінші жоғарылауы, жауын-жашын жаууы күтілуде (жаңбыр, қар). Осыған байланысты, қар еріп, жазықтық өзендерде беткейлі ағынның пайда болуы мүмкін.

Кейіннен 1-2 наурызда ауа райы температурасының түнде -17-250C, күндіз -13-280C -қа дейін төмендеуі күтіледі,  кей жерлерде қар жаууы болжанады.

1 наурыздан бастап арктикалық ауа солтүстік өңірлерге қарай ағып, 2 наурызда Қазақстанның қалған бөлігін қамтиды. Түнде ауа температурасы қайтадан -20-30°C дейін, оңтүстік және оңтүстік-шығыста -10-20 °C, қиыр оңтүстікте -3-10 ° C-қа дейін төмендеуі болжанады, бұл 2…5°C климаттық нормадан төмен екенін көрсетеді.

Республиканың басым бөлігінде қар жауады, боран күтіледі, желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді, оңтүстік бөлігінде тұман мен көктайғақ болжанады. Суық күндер өткінші болады, 3 наурызда солтүстік ағындар қайтадан батыс ағындарға ауысады, бұл ауа температурасының көтерілуіне алып келеді.

Тағы оқыңыз:

Балқашта 3 жасар баланы өлтіріп тастаған

ШҚО-да шанамен сырғанаған оқушы қыз мерт болды

Алматы облысында ауруханаға түскен 4 жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
20.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар