Алматы облысында ауруханаға түскен 4 жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

Алматы облысының Қарасай ауданында 4 жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмды. Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына тамағы ауырып түсіп, сол күні бақилық болған науқас баланың өліміне ата-ана дәрігерлерді кінәлайды.

Ал емдеу мекемесінің басшылары қолдан келген шараларды қолдандық деп ақталып отыр6 деп хабарлайды 31 арна.

Бүгін ғана 4 жасар Дарынды жер қойнына тапсырған ата-анасы дәрігерлерді бас салды. Себебі ұлдарының өліміне тікелей кінәлі адамдар осылар деп санайды. Ашулы топтағы баланың анасы ауруханаға келген минуттан бастап баланың өлі денесін алып кеткенге дейінгі сәтті түгел баяндады. 25 ақпан күні таң ата ауруханаға келген балаға дәрігерлер ларингит деген диагноз қойыпты.

“Сенің балаңа қойылатын заттың бәрі қойылды. Біздің қолымыздан тек күту ғана келеді деді. Сөйтіп айтады да, былай шығып бара жатады. Балам қолымда қысылып қалады. Мен «тәте, көмектесіңізші, өлді ғой» дедім. Осылай кетеді, баланы реанимацияға алып кетеді”,  дейді  қайтыс болған баланың анасы Гүлжанат Малдыбаева.

Гүлжанат содан кейін баласын көрмепті. Ал барлық тиісті шараны жасадық деген дәрігер осы жан. Сол күні кезекшілікте болған.

“Мен кезекші дәрігерден қабылдап алғанда баланың жағдайы, кішкене кроватиктің үстінде ойнап отыр екен. Мен көрген кезде”, – дейді  Бас дәрігердің орынбасары Мәрияш Көшімова.

– Дәрігерлер тарапынан ешқандай қателік кетпеді деп есептейсіз бе?

– Мен дер кезінде көмек көрсетілді деп ойлаймын.

Баласынан айырылған ананың айтуынша дәрігерлер науқас балаға 1 сағаттың ішінде оннан астам екпе жасапты. Дарынның жеке картасында бұған дейін ешқандай сырқат болмағанын, туғалы ауруханаға жатып, ем алмағаны да жазылыпты. Қарамағындағы мекемеде бала өлімі болған бас дәрігер сараптама қорытындысынан кейін кінәлі маманнның бәріне қатаң шара қолданамын деп отыр.

Бала қайтыс болған күні-ақ ата-анасы осы аурухана мен ондағы дәрігерлердің үстінен полицияға шағым түсірген. Тіпті, қорытындысы шығып үлгермеген сараптамаға да сенімсіздік танытуда. Айтуларынша, алдағы уақытта өздері тәуелсіз сараптама тағайындамақ.

Тағы оқыңыз:

Балқашта 3 жасар баланы өлтіріп тастаған

ШҚО-да шанамен сырғанаған оқушы қыз мерт болды

Қазақстанда қайыр сұрап жүрген қыз: Әке-шешеммен бірге тұрсам, киімім мен тамағым болса деп армандаймын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар