Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да кәсіпкер имамға көлік сыйлады

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі, Бәйдібек ауданы «Нақыпбекұлы Әуен» орталық мешітінде ауызашарға келген жұрт қуанышты жағдайға куә болды.

IMG_1244

Атап айтар болсақ, елағасы, кәсіпкер Бейсенов Сәкен Нақылбекұлы аудандық орталық «Нақыпбекұлы Әуен» мешітіне «Daewoo Gentra» автокөлігін сыйға тартып, темір тұлпардың кілтін ауданның бас имамы Байниязов Серғалиға салтанатты түрде табыстады.

Сонымен қатар кәсіпкер Бейсенов Сәкен Нақылбекұлы ауданның батыр анасына Шымкент қаласынан 8 сотық жер учаскесін тегін беріп, көпбалалы отбасына көмектесті. Ісшараға өкіл имамның тапсырмасымен найб имам Қарақұлов арнайы келіп қатысты.

IMG_1249

ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс бас имамының сәлемін жеткізген найб имам ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігі атынан және жалпы жамағат атынан кәсіпкерге алғысын білдіріп, Құран кітабын сыйлады. Ісшара соңы ауызашарға жалғасып, еліміз және халқымыз үшін дұға етілді.

Тағы да оқыңыз:

Қызылордада дін қызметкерлері көпбалалы отбасыға үй салатын құрылыс материалдарын әкеп берді

Теңге тағы да құнсыздана түсті

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Талқылау