Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да ішімдікке тойған ана 8 айлық баласын көшеге тастап кетті (видео)

Оңтүстік Қазақстан облысында ішкілікке тойған ананың әрекетін көрген куәгер ер азаматтар тәртіп сақшыларын шақыртады. Оқиға 29 маусым күні кешкі уақытта болған.

abbce1a53d0691c5315bde73acfc67cc_L

Сурет i-r-p.ru

Бұл туралы ТВК арнасы хабарлайды.

Ер кісі анасының кішкентай ғана сәбиге аса қатыгездік қылық танытқанын байқаған.

“Мен үйге қайтып бара жатқанмын. Баланың жылаған даусын естідім. Тоқтап, ары қарай не болар екен деп біраз кідіріп тұрдым. Ол үйде кішкентай сәбидің тұрмайтынын білемін. Біраз уақыттан соң масаң келіншек сыртқа шықты. Оның артынша шыққан әйел сәбиді тура жерге тастап кетті”,-дейді куәгер.

Сөйтіп анасына баланы беруді құп көрмеген ол дәрігерлер мен полицейлерді шақыртқан. Болжам бойынша, ішкілікке тойып алған ана сәбиімен құрбысының үйіне барған. Содан ішімдік таусылып қалады. Сәбилі ана тағы біреуін әкелу үшін сыртқа шыққан сәтте оның бөтелкелесі жылап жатқан балаға қамқорлық танытқысы келмей, көшеге шығарып жіберген.

Ақ халаттылар сәбиді тексеруден өткізді. 8 айлық бөбек  жеңіл жарақат алған. Денсаулығы мен өміріне келер қауіп жоқ. Көңіл көтермекші болған қос келіншекке айыппұл салынуы мүмкін. Ал сәбидің тағдырына қатысты шешімді арнайы мекеме қабылдайтын болады.

Талқылау