Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да «елес» ауылдың әкімі тұрғындарға дөрекілік танытқаны үшін қызметінен қуылды

ОҚО Қазығұрт ауданының әкімі «елес» ауылдың әкімі тұрғындарға дөрекілік танытқаны үшін қызметінен босатылғанын айтты.

Сурет: Otyrar.kz сайтындағы видеодан кадр

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев жағдайды өз бақылауына алған.

«Аталған ауыл Айнатас елді мекеніндегі Қызылқия ауылына кіретінін түсіндіріп өткім келеді. Өз кезінде Қазығұрт ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша аталған елді мекеннің аумағы 50 гектарға ұлғайтылып, Өзбектсаннан келген отандастарымызға 10 шаршы метрден жер телімдері үлестірілді.

Шынтуайтында, бұл «елес» ауыл емес. Ауылдың атауы бар. Тек маңдайша орнатылмаған. Біз «ҚазАвтоЖол» басшылығымен сөйлестік. Олар 2018 жылы ауыл жолына айырым белгілері мен ауыл атауын орнатуға уәде берді.

Екінші мәселе – ауылдағы көшелердің атауы жоқ. Қазіргі уақытта біз аталған мәселені шешіп, 6 көшені таңдап алдық. Ауылды электр жарығымен қамтамасыз ету мәселесі келесі жылы шешілетін болады.

Бүгінгі күн ауылдағы екі көшеге электр жарығы тартылды. Қалғандары уақытша электр жарығын тартып алды. 422 миллион теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындадық. Келесі жылы барлық жұмысты атқаратын боламыз», – деді Телғараев.

Оның сөзінше, ауыл тұрғындары шағымданған әкім қызметінен босталыпты.

«Аудан тұрғындарымен кездесу барысында ауыл әкімінің тұрғындарға дөрекілік танытқаны белгілі болды. Мемлекеттік қызметкерге тән этикалық нормаларды сақтамағаны туралы деректер анықталды. Сондықтан ауылдық округ әкімі қызметінен босталды», – дейді Төлеген Телғараев.

Аудан әкімі 2020 жылға қарай ауылға барлық жағдай жасалып, жол салынатынын айтты.

Сонымен қатар Төлеген Телғараевтың айтуынша, әкімдіктің кейбір қызметкері өз міндетін дұрыс атқарғанда, мұндай шу тумайтын еді.

Естеріңізге сала кетсек, Айнатас ауылының құрамына кіретін аумақ тұрғындары ауылда өмір сүруге қажет жағдай жасалмағанына және  жергілікті биліктің сөздеріне құлақ аспайтынына шағымданған еді.

Оқи отырыңыз:

Алматыда оқушы мектепте уыты бар баллон шашқаны үшін мектеп директоры мен меңгерушісі жазаға тартылды

Астана әкімі елорда тұрғындарынан кешірім сұрады

Ақтауда тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап көз жұмған зейнеткер ҰОС ардагері болып шықты

Қазақстанда 12 жасар бала университет сессиясынан сүрінбей өтті

Талқылау