Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі елорда тұрғындарынан кешірім сұрады

Тәуелсіздік күнінің құрметіне атылатын отшашу уақытын ауыстырғаны үшін, Астана әкісі Әсет Исекешев елорда тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.

Facebook әлеуметтік желісінде Юлиана Евгеньевна есімді желі қолданушысы өзінің жеке парақшасынжа «әкімдіктің отшашу ату туралы уәдесін орындамағанын» жазған. Қала әкімі желі қолданушысының жазбасына жауап беріпті.

«Қауіпсіздік мақсатында техникалық себептер бойынша, отшашу уақыты сағат 23:00-ге ауыстырылды. Кешірім сұраймыз», – деп жауап берген Исекешев.

Естеріңізге сала кетсек, астана билігі қала тұрғындарына 16 желтоқсан күні сағат 22:00-де мерекелік отшашу атылатынын мәлімдеген еді. аталған уақытта елорда тұрғындары Есіл өзенінің жағалауына, «Хан Шатыр» ОСО маңына және Абылай хан мен Пушкин көшелерінің қиылысындағы саябаққа жиналған. Алайда көшеде 20 градус аяз болғандықтан, тұрғындар үйді-үйлеріне тарасты.

Отшашу бір сағаттан кейін жергілікті уақыт бойынша 23:00-де атылды.

Оқи отырыңыз:

Ақтауда тұрғын үйдің төртінші қабатынан құлап көз жұмған зейнеткер ҰОС ардагері болып шықты

Қазақстанда 12 жасар бала университет сессиясынан сүрінбей өтті

Алматыдан 334 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Ақтөбе облысында полиция суықтан тоңып қалған өзбекстандықтарды құтқарды

Талқылау